Қауіпсіздікті өзің үшін сақта!

Қауіпсіздікті өзің үшін сақта!
жеке
блог

Алдыңғы аптада туысқандарымызбен демалуға бардық. Бәрі жақсы. Демалатын орын, балаларға да арнайы ойын алаңы, мусор тастайтын жер, тоқ көздері бәрі-бәрі бар. Сервиске қарап, қауіпсіздік сақталған, сақталмағанын қарамаптықта. "Суға шомылуға болмайды" деген белгілерге көп мәнде бермедік. Мүмкін олар назар аударалықтай болмаған шығар...Өзіміз суға түсуді ойламап ек...

Балық аулап, ойнап-күліп жүргенде жарты күніміз өте шықты. Бәріміз шаршап бір сәттік демалып алып отырсақ бір қыздың жанұшыра айғайлағанын естідік. Шошып, ол айғайлаған жаққа жүгірдік. Қыздың айғайы жан ұшырарлық еді. Қасында жүрген жігіті суға батып кетіпті. Есіміз шықты, жан таласып бәрі оны судан іздеуге кетті. Таппады. Сол жердің тұрғындары "қап, бекер түсті бұл жердің тереңдігі 8 метрден жоғары" деп жатты. Көл өте үлкен емес, суы лай екен, әрі суық қанша іздегенімен таппады. Іздеушілерді іздесек бұл жерде ондай көмек қаралмапты да, ақшаны жинап жүрген қызымыз "ескерту жазылып тұр ғой, суға түсуге болмайтыны" деп құтылды. Екі ортада 24 жасар әдемі, спортпен айналысатын, суда мықты жүзетін жігіттен айырылып қалды.

МЧС шақырдық, 2,5 сағатта не бір құтқарушы, не бір милиция қызметкері, не бір жедел жәрдем келмеді...

Ойланып қалдым, біз кімге сенеміз? Бізді кім құтқарады? Кімге сенеміз?

Сондықтан да әрқашан өзіңе сақ бол! танымайтын, білмейтін жерге суға түсудің қажеті жоқ. Қанша мықты жүзсең де суда аяғың тырысып қалуы, жүрегің қысылуы мүмкін екен. 

Барған жерде барлық ескертпелерге қарап орындау керек, олар бекер қойылмайтынын ескеріңіз. Ақшасын мың жерден төлеп кірсеңізде ешкім сізге сіздің денсаулығыңыз бен өміріңізді қайтарып бермейді!!!

сурет Назерке Нысанбаеваныкы.