Қатігездің хаты
блог
Құрбаны боп күндердің қыңсылаған,
Жұпар мұңын құшады жүрек керең.
Жырақтағы,бақытым,күлші маған,
Сені күтіп...қиялда түнеп келем.
Жыртық қайғы жыртыңдап жанарымнан,
Қалқыған ой еріксіз қаламға ауды.
Қашан келед қалықтап хабарың дәл?!
...Қояр едім сонда мен алаңдауды.
Жас үйеді тағдырдың тамшы мұңы,
Көздеріңнен сыр ұғып жарық төккен.
Мендегі махаббаттың бал-шырыны,
Сенің,жаным,ерніңде қалып кеткен.
Құштарлығым езеді жанымды ылғи,
Азуылы арман жүректі қанатқан құр.
Құпияммен қапталған қалың бұл ми-
жыр қалайды...Шабытты қанаттандыр.
Сен кеткелі өлең де безгендей ме?
Осы бір күй жолымды тар қылмай ма?!
Көз алдымда елестеп кезген бейне,
Қолым саған жетпейді...Қалдың Айда.
Шаттық менен жүреді қашып әр күн,
Байсал бақыт осылай басылмақ па ең?!
Сезімімнің гүлдерін шашып алдым,
Жинап берер сен жоқсын қасымда әттең...
Бізді күтіп, үмітпен көктем өткен,
...Жүрегімді шымшылап жатыр езгі.
Мен сені кешірместей өкпелеткем,
Сонда да кешір мынау қатігезді...
...Кешір мені!
Жандарбек ЖҰМАН✔