Қателіктер

Күнделікті өмірде біз компьютерді жиі қолданамыз. Бір күн істен шыға қалса, бар шаруамыз жасалмай қалатын күй кешеміз. Бірақ, өзіміз білмей жасайтын қателер бар. Сол қателерді атап өтсем:
1. «Екі антивирус» 
Көп қолданушылар антивирус саны неғұрлым көп болса соғұрлым көмпьютерім қорғаулы болады деп ойлайды.
Бұндай ой бұрыс және ол ойдың өзіне қарсы. Өйткені, екі не одан көп антивирустың бар болуы, ол антивиустардың реестрларын, сигнатураларының айқасып, шатасуына әкеліп соғады. Соның салдарынан ол антивирустар өз қызметтерін толық атқара алмайды. Оның үстіне антивирустар өз қызметін атқару үшін өте көп фондық қызметтер атқарады ал олар еселеніп көбейсе, компьютеріңіз «алжи» бастайды.


Ондай жағдай болмас үшін тек бір антивирус орнатқан жөн. Мысал ретінде өзімнің қолданатыным Kaspersky Endpoint Security-ді алсам. Ең мықты антивирустардың бірі. Бірақ бұл антивирус өте ауыр және оны көп компьютерлер көтере бермейді. 
Жеңіл антивирусқа ESET NOD-ты жатқызуға болады. Мықтылығынан кем емес, бағасы да арзанырақ. Ал егер тіптен тегін антивирус орнатқыңыз келсе сізге AVAST антивирусы керек. Оны www.avsoft.ru/avast/ сайтынан жүктеп, сол сайттан тіркеліп тегін кілтін алуға болады.

2. «Бір жылдық антивирусым бар»

Көп қолданушылар сервис орталықтарынан бір жылдық лицензиясы бар антивирустарды сатып алып, үйіне әкелген соң «Бір жылдық антивирусым бар» деп кез-келген USB-карталарын, дисктерді салып тексермей-ақ қолданып жүре береді. Негізі антивирусы бір жылдық бірақ антивирусты уақытысында интернетпен «тамақтандырып» тұрған жөн. Интернеті бар жерде антивирус вирус сигнатурасы базасын аз дегенде екі күнде бір рет жаңартып отыруы қажет. Олсыз антивирусыңыз жөз қызметін толық атқармайды. Мынадай мысал келтірсем: Сіздің антивирусыңыз өз базасын 04.05.2014 жылы, сағат 17:46 да жаңартты делік, ондай жағдайда «жаман адамдардың» 04.05.2014 жылы, сағат 17:47 де жасаған вирусы сіздің компьютеріңізге оп-оңай кіріп кете алады.



3. «Осылай әдемірек»

Келесі қатеге Операциялық жүйенің стандартты интерфейсін өзегертетін программалар қойып, жұмыс үстеліне сан түрлі виджеттер толтырып тастауды жатқызуға болады. Сіздердің талғамдарыңызға қарсы ештеңем жоқ, бірақ ондай программалар және виджеттер оперативті жадыны толтырып компьютеріңізді қатырып тастауы мүмкін.



4. «Көршімде анандай бар еді, соны мағанда қою керек»

Өзіне жаңа компьютер алған немесе жаңа операциялық жүйе орнатқан адамның бірінші істегісі келетін нәрсе – компьютеріне мейлінше көбірек бағдарламалармен ойындар қойғысы келеді. Бірақ бұл жерде де ойлану керек. «Көршімде анандай бар еді, соны мағанда қою керек» деп артық бағдарламаларды орната берген де дұрыс емес. Бір қызметті атқаратын бірнеше бағдарлама сіздің компьютеріңіздің жадынан орын алып жата береді. Олар шіріп не сасып кетпейді әрине, бірақ қолданбайтын бағдарламалардың сізге қажеті қанша? Мысалы, AIMP бағдарламасы мен Winamp-тың біреуін ғана қалдырыңыз, Fine reader немесе Adobe reader-дің бірін қалдырғаныңыз жөн. Сол секілді Chrome мен Opera, Flash player мен Shockwave player және тағысын тағы.



5. «Компьютерді дұрыс өшірмеу»

Ешуақытта компьютерді алдындағы «қосу» кнопкасы арқылы өшірмеңіз. Компьютеріңіз жұмысын өзі аяқтауы керек. «Пуск» баттырмасын басын «Завершение работыды» шерітіп қана шығыңыз. Басқа жағдайда қатқыл дискідегі (компьютеріңіздің жады) оқитын инесі тайып, қатқыл дискіңізді құрытуы мүмкін.

6. «Папкалардың орны болуы керек»

Кей кезде интернеттен жүктелген бағдарламалар орнату кезінде С:/ дискісіне ешқандай атаулы папка ашпай, тікелей орнатыла салуы мүмкін (көбіне лицензиясыз, пираттың бағдарламаларында және ойындарында болаиын жағдай). Ондай орнатулардан және ондай бағдарламалардан аулақ болған жөн. Ал керек болып жатқан жағдайда атаулы папканы өзіңіз ашып, сол папкаға жеке өткізіп қойғаныңыз жөн. Егер бірнеше программаның компоненттері С:/ның не басқа папкада бірге тұратын болса антивирустың жағдайындағыдай бір бірінің файлдарын өзгертіп жүруі әбден мүмкін.
Тіпті жұмыс үстеліңіздегі суреттерді «Суреттер», әуендерді «әуендер» және басқаларында солай сақтауға кеңес беремін.

7. «Қате жөнінде есеп беру және бермеу»

Көп жағдайда компьютердің «қуғанында» қате жөнінде есеп беру не бермеу жайлы терезе шығады. Бұл жерде еш нұсқаны қате деп айта алмаймын. Есеп берсеңізде бермесеңізде компьютеріңіз сол баяғысынша жұмыс істей береді. 

Ондай есеп берулер Microsoft компаниясының өзін дамытуына, қандай қателерді дұрыстауы керек екенін білуіне ғана керек. Сізге еш пайдасы жоқ.. Оның үстіне маған есеп бермеді деп Билл Гейтс ренжіп қалмайды.
Менде мүлдем ондай қате шықпасын десеңіз Windows 8.1 Операциялық жүйесін қолданыңыз. Microsoft компаниясы бұл ОЖде еш қате жоқ деп жариялап, қате тапқан адамға 100 000 АҚШ долларын береміз деген болатын. 



Мінеки, осындай ұсақ қателіктердің өзі сіздің компьюетіңіздің денсаулығына зиянын келтіреді. Есіңізде жүрсін!



Бөлісу: