Қателесіппін....

Иа, мен қателескен екенмін! Құттықтамайды  деп ойлаған адамым, соғып құттықтады. Қалай дейсіздер ғой. Бұл сезінгенімді ешкімнің басына бермесін. Бәрі былай болды.

     Достарыммен күліп-ойнап, бара жатқанбыз тойлауға. Қалтамдағы безек қаққан телефоным алмасыма болар емес. Көз алдыма елестегендей болды ма десем, шынымен де соғып жатыр күтпеген адамым. Жауап берерімді не алмасымды ойлап мен тұрмын үнсіз. Үзілген әңгіме. Дірілдеген саусақтар. Бәйәк қаққан жүрек. Түсініксіз ойлар. Содан не керек, көтердім тұтқаны.

«Алло» деген әдемі қоңыр дауыс естілді. «Мен сені бүгінгі халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Біз сені сүйеміз.....сендей қарындасымыздың барына қуанамыз. Жақсы өткіз бүгінгі күнді»,-деді. Мен: «Рахмет! Мен де сіздерді Алланың разылығы үшін сүйемін, сіздердей АҒАЛАРЫМ барына шүкір»,-дедім, жүрегім басқа нәрсе айтқысы келсе де.

 Қазір Маржан Арапбаева «Бұл нәзік сезім бе еді, бұл әлде махаббат па»,-деп, өлең айтып жатыр. Мен білмеймін Маржан бұл сұрағыңыздың жауабын білмеймін..... Айтылмай қалған ойлар мен сезімдер көп, ал мен асығыспын. Өмір өтіп жатыр зымырап асығумен...сонда қайда?! Барар жер белгілі.



Бөлісу: