Қатал да сиқырлы Осло

Сәлем, достар!

Сіздермен кезекті сапарымнан түскен фотосуреттеріммен бөлісетін кез келген сияқты))) Бүгін бұл - "Қатал да сиқырлы" Норвегияның Осло қаласы. Қатал деп отырған себебім - Ослоның ауа-райындай қаталдықты мен еш жерден көрмеген едім. Жо-жоқ! Суықтығын емес, күннің тек бірнеше сағатқа ғана шығатынын айтып отырмын.

Ұшақтан түскен сәттен-ақ дала қараңғы болып тұрды. "Еее!Мұнда күн ерте батады-ау!" деп ойлап қана қойдым.

Содан соң, әуежайдан бізді қонақүйге алып кетті. Мұнда бізді тағы да бір тосын сый күтіп отырды. Мәшинеде-ақ Норвегияның уақытына әлі үйрене алмай қойған біз лезде ұйықтап қалдық. Көзімізді ашсақ, алдымыздан керемет көрініс шыға келді. Ия, Норвегияның ну ормандары жайлы мен көп естуші едім. Бірақ осылай тура ну орманның ортасындағы үйде тұрамын деп ешқашан армандамаппын. Өзімді ертегіде жүргендей сезіндім!!! 

 

Кешіріңдер, достар))) Ең бастысы үйді суретке түсіруді ұмытып кетіппін (тоңғандықтан болар). Шыны керек, суық ауа-райы мен құмарлық ертегідегі үй ішіне кіруге және көруге асықтырды. Керемет! Норвегияның атмосферасын, міне, осы кезде сезінгендей болдық!!!

 

Таңертеңгісін ұйқымның қанғаны соншалықты, жата бере жалықтым. Терезеге қарасам - әлі ТҮН!!! Төменге түсіп сағаттың қанша болғанын көруге асықтым... Мұндайды мен күтпеген едім... Осло уақыты - 10.00!!! Сенгісіз нәрсе. Қайта-қайта терезеге қарап, аң-таң болдым. 12-ден кейін ғана дала жарық бола бастады. Мен күтіп жүрген күн сәулесі әлі жоқ!!! Не де болса, таңғы асты ішіп, жылы киініп қаланы тамашалауға шықтым.

Осло қаласының әдемі жерлері көп екен. Олар: саябақтар, зәулім үйлер, көне ескерткіштер, мұражайлар, т.б. Мұндай тамаша көріністерді көрген кезде тоңғаныңды да ұмытып кетеді екенсін)))

Норвегия корольдарының сарайы

 

Әлемге әйгілі Ратуша. Дәл осы жерде жыл сайын атақты Нобель сыйлығы тапсырылады.

 

Ал мынау сырт келбетімен жүзіп бара жатқан үлкен кемеге ұқсас Осло қаласының опера театры. Бір қызығы, кез келген адам театр шатырына оңайлықпен шығып, Осло қаласын төбеден тамашалай алады.

Осло қаласының керемет көрінісі

 

Келесі фотосуретте қала тұрғындарының ең сүйікті демалыс орны көрсетілген. Ол - Акер Брюгге жағалауы.

Мына суретте - Норвегияның атақты спорттық құрылысы "Холменколлен" шаңғы трамплині

Келесі қаланың назар аударарлық орындарының бірі - бұл Вигеланның ескерткіштер саябағы. Мұндағы ескерткіштер адамның өмірлік кезеңдеріне арналған екен. Шынымды айтсам, ескерткіштер бір түрлі)))))))

 

Келесі аялдамам Норвегия елінің тарихымен тікелей байланысты  Акерсхус қамалы. Бұл қамал XIV ғасырда Хокон V королінің бұйрығы бойынша салынған. Қамал тарихы көптеген Норвегия корольдарының өмірімен байланысты.

Корольдардың ас бөлмесі


Дәліз

 

Салтанат залы. Мұнда салтанатты бал кештері де өтіп тұрған.

 

Жатын бөлмеге кіреберіс және бөлменің өзі.

 

 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл қамалда әлі күнге дейін елестерді көруге болады екен. Бррр... Шынымен-ақ, бұл бөлмелердегі ескі дүниенің барлығы адамға қорқыныш сезімін еріксіз ұялатады. Оны келесі фотосуреттерден байқауға болады.

 

 

 

Көпке дейін шықпай қойған күн сәулесі тез көрінді де екі-ақ сағаттың ішінде жоқ болып кетті. Сағат 17.00-де тас қараңғы түн батты. Сонда адамдар қалай тұрады мұнда? Дегенмен, Ослолықтар күн райына қарамастан өте мейірімді келеді екен. Кешке жақын Осло қаласында тұратын қазақтарымыз бізді кешкі асқа шақырды. Бір түсінгенім - ҚАЗАҚ халқы қайда болмасын қонақжайлылығын еш уақытта ұмытпас.

Соңғы күні менің ренішімді байқаған күн ерте шықты. Күннің нұрына Норвегия орманы ерекше түстерге боялып, әдемі болып тұрды.

 

Жазбамның соңында айтарым. Достар, егер Норвегия еліне жолдарыңыз түсіп қалса, келесі ескертпелерді есте сақтағаныңыз жөн:

Еуропаның солтүстік бөлігінде орналасқандықтан онда өте суық, өздеріңізбен бірге жылы киім міндетті түрде алып алыңыздар; Еуропаның ең бай мемлекеті болғандықтан, ақша құны да өте жоғары, бәрі де қымбат. Қала тұрғындары өте ұстамды, сондықтан да қала картасын ұстап жүріңіздер. Күн сәулесін мүлдем көрмеуге дайын болыңыздар!!!)))


Бөлісу: