Қасықтан әуен шалқытқан
блог
Ия, олар қасықта ойнайды. «Сударушка» орыс фольклорлы тобы Балқаш гуманитарлы–техникалық колледжінің қабырғасында төрт жылдан аса уақыт жұмыс жасап келеді. Қасықта ойнау шеберлігіне аталмыш оқу ордасының оқытушысы Елена Викторовна үйреткен. Е.Викторовна ең алғаш рет қасықта ойнаушылар тобын мектеп оқушылары арасында ұйымдастырған. Қазіргі таңда «Сударушка» қасықта ойнаушылар тобы Балқаш қаласының мақтанышына айналып та үлгерді. Бұл топта Шаймерден Аманжол, Ғазиз Назерке, Ксения Мартынова, Далибаева Асемгүл, Артықбаев Талғат сынды оқушылар қасықта ойнаудың қыр–сырын меңгеріп, асқан шеберлікпен ойнайды. Қасықта ғана ойнап қоймай, орыс халқының әнін шырқап, биін де билейді. Фольклорлық топтың репертуарында «Коробейники», «Перышка», «Травушка – муравушка» сияқты орыстың ұлттық әндері бар. Қасықта ойнағанда ләззат алып, мерекелік шараларда көрерменнің ыстық ықыласына бөлену–олар үшін бақыт! «Сударушка» тобынан келешекте үлкен сахнаны бағындырады деген үміт күтеміз!