Касса алдында болған нағыз ажиотаж!
блог
Кеше әріптесімнің туған күнін атап, достардың үйіне қонып, бүгін таңертең жұмысқа шығып бара жатқанда, Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы орталық стадион кассасы алдында мынадай картинаны көрдім. Жергілікті Ақтөбе мен Норвегияның Хедд футбол клубтары арасында Еуропа лигасы шеңберінде өтетін матчқа билет сатылып жатыр екен. Бармайм ба, жақындап, кезекке тұрып. Сағат таңғы тоғыз. 5 касса ашылды, кезек жаймен бұзыла бастады, тіпті бір касса алдында екі кезек тізбегі пайда болды. Билет сатып алғандар, адам көптігі кесірінен кейін шыға алмай кассаның төбесімен және оның жанындағы ағашқа секіріп шығып жатты.
Одан кейін бұны көрген билет сатушылар кассаларды жапты, одан кейін полиция қызметкерлері келді, қайта ашты, қайтадан кептеліс басталды, қайта жапты кассаны. Солай 3-4 рет қайталанды. Содан кейін жергілікті телеарналардың тілшілері келіп, репортаждарын түсіріп, ашулы сатып алушылардан сұхбат алды. Полициялар әр кассаны бөліп тастаудың орнына, алдына көлденеңінен темір кедергілер қойып қойды, 1-ші және 2-ші касса алдына жиналғандар, біртіндеп алма-кезек кіріп билеттерін сатып алып жатты. Билет құны 1000 теңге және бір адамға бес билеттен артық сатылмайды. Мен 10 шақты билет сатып алатын болғандықтан, қасыма досымды шақырып алдым, ақша да сонда болатын. Әйтеуір әне-міне деп 15 билеттей сатып алдық. Бұрындары да кезек тізбегі ұзын болатын, алайда бұндай ажиотажды көруім бірінші рет. Қорытынды: Стадион кассасы алдына кезекке тұру мәселесін қолға алу керек. Ал енді мен түсіріп үлгерген аздаған фотосуреттер:
Назарларыңызға рахмет!)