Каспий теңізінің суреттері

Каспий теңізінің суреттері
жеке
блог

Ассалаумағалейкум Массагеттіктер деп бастайын жазбамды. Мұндағы блогымды бір жыл бұрын ашып алыппын. Бірақ қарасам, жарытып ештеңе де жазба қоймаппын. Бүгін сол бірдеңе жазайын дедім өзімше.

Осыдан дәл бір жыл, бір ай, жиырма бес күн бұрын Архунның ұсынысы бойынша осында тіркеліп, ең алғашқы жазбамды жазда теңізде түскен суреттермен бастаппын, енді бұл жыл сайынғы үрдіске айналсын деп, осы жылды да Каспийдің суреттерімен бастағым келіп отыр :)

Ощм жұмыстан шығып, аққулар келгелі дұрыстап амандасып та үлгермедім ау солармен деп, Каспийге тіке тарттым. Жәяу, асықпай, теңіз жағалап, аққулардың әдеттегі жүретін жеріне барып едім, таппадым. Әрбір жерде бес алты үйректер, мен шағалалардан ұшып қонып жүр. Әрі іздеп, бері іздеп, ақыры таппағасын құр кетпейін деп, смартыммен теңізді суретке түсіріп келдім. Сол суретті қабыл алыңыздар .) Кеш батқанда түсірілген суреттер болғасын, әрі бүгін Ақтауда күн бұлтты болғасын, суреттер суық, түнеріп шыққан сияқты, суретке қарап жылына алмасаңдар айып етпеңіздер .) 

Каспий теңізі

Каспий

Мынау да Каспий теңізі

Каспий

Мынау да Каспий теңізі сияқты :)

Каспий

Теңізге қарап отырған бір штук қыз, аяп кеттім, тиіспедім ;)

Каспий

Меңіз ғо

Каспий

Теңіз жағасындағы машня

Каспий

Қараңғылай бастады

Каспий

Көше шамдары да жанды ужы

Каспий

Қоой осы жарар деп үйге кеттім.

П\с: Суреттер смартфонмен түсірілген, сапасы үшін тағы кешірім сұраймын. Бары осы. Сау болыңыздар. Келесі жылы тағы салам сурет (:

п\с\с: Есімім Абылай ғо .)