kaspi.kz арқылы айыппұл төлеу оңайлады

Жол ережесін бұзып, камераға түскен немесе Хаттама толтырған соң, айыппұлды төлеу үшін банкке барып кезекте тұруға, комиссия төлеуге тура келетін.  Енді үйде немесе жұмыста отырып, комиссиясыз төлем жасауға болады. Әрі ол түсе ме, түспей ме деп алаңдаудың қажеті жоқ.

kaspi.kz сайтында айыппұл төлеу жүйесінің қызметі оңтайландырылды.

 Сайт шілде айынан бастап электронды үкімет egov.kz-тің электронды шлюзін қолдану арқылы айыппұл төлемдерін қабылдайды. Бұл бойынша төлем былай жүзеге асады: айыпұл барлығын анықтаған соң, kaspi.kz арқылы комиссиясыз төлем жасайсыз. Мысалы: айыппұлыңыз 9000 теңге, сайт арқылы комиссиясыз тура 9000 теңге төлейсіз. Жасалған төлем туралы хабарлама egov.kz арқылы өтіп, ҚР ІІМ базасына келіп түседі. Бұдан соң айыппұлдар полиция базасынан автоматты түрде алып тасталынады.

 Мұнымен қатар енді сайтта айыппұлдарды автоматты іздеу қызметі іске қосылған. Мысалы: сіз сайтта тіркеліп, жол ережесі үшін айыппұлды төледіңіз. Жүйе клиенттің мәліметтерін сақтап алып, аптасына бір рет базадан жол ережесін бұзу фактісі бар-жоғын өздігінен тексереді.  Егер жол ережесі үшін айыппұл табылса, клиент бұл туралы хабарламаны туралы kaspi.kz-тегі жеке кабинетіндегі «Менің төлемдерім» бөлімі арқылы алады.

 kaspi.kz-те айыппұлдарды комиссиясыз төлеуді келесі құралдар арқылы жасауға болады:

Kaspi Bank-тің кез-келген картасынан Kaspi Bank-тің теңгелік депозитінен Kaspi Әмияннан Кез-келген банктің VISA немесе MasterCard карталарынан  

 



Бөлісу: