Қасиетті халық тойы

Наурызтой- жылдың басы, көктем айы,

Күн-ие мейірімін төккен айы.

Адам да, табиғат та қайта түлеп, 

Дүние жақсылыққа жеткен айы.

 

Ұлыстың ұлы күні шұғылалы ,

Жайлары жанның бәрі ,ымыралы.

Астатсып ата дәстүр , ақ дастарқан,

Шалқыған көңілдерде ғұмыр әні .

 

Жастықты жарастықтың бала шағы,

Ғашықтар бір-біріне сыр ашады.

Қыз қуу, бәйге,  айтыс, алтыбақан–

Бір қызық бір қызыққа ұласады.

 

Наурызтой- қасиетті халық тойы,

Сән құрған салтанат пен сауық тойы.

Қауышып құшақ пенен сұрақтары, 

Бөленген бақытқа елдің анық ойы .

Джебесинова Асель 



Бөлісу: