Қасиетті 7 күн
блог
Әр аптаның,яғни әр күннің өзіндік ерекшеліктері бар.Дүйсенбі әр жетінің басы,қақпағын дұрыс ашу керек.Мәселен,егер бір затыңызды үйде ұмытсаңыз үйге қайта кірмеңіз.Сейсенбі-бұл күнді жұмыстарды жалғастыруға болады.Әкем айтқандай Хауа ана жамандық көрген күн,сондықтан ол күні жолға шықпағандарыңыз дұрыс болады.Сәрсенбі-сәтті күн.Ең бастысы өзіңізге сенсеңіз болды.Жақсылық атауының 99 есігі ашық тұрады.Сапарға шықса,сапары сәтті болады,жамандықтың жолы жабылады.Бейсенбі мен киелі жұма күндері жуынып тазарып,иман келтірер күн.АЛЛАның алдында әрине қашан да бас иуіміз керек.Жұма күні барша қауым жұмаға асығып жатады,бұл көңіліңді кішкене болсын қуаныш алып келеді.Құдай тамақ беріп,зікір берген дұрыс.Сенбі мен жексенбі күндері,отбасымен бірге бас қосуға ыңғайлы күн.Барлығы бірге отырып жайбарақат әңгіме айтып,қыдыру үшін өте ыңғайлы.
Негізінде Құдайдың берген әр күнін қалай өткізу өзіне байланысты.Аралап атар әр күнді мәнді де сәнді және игі істермен өткізу керек деп есептеймін."Атар таңның батар күні бар" демекші,әр күн қуаныш пен шатыққа толы болсын.