Қашан?

Қашан?
жеке
блог

 

Қашан мен азат боламын?
Ертеңгі күнге алаңдаудан?
Шапқылап салаңдаудан?
Өтірік далаңдаудан!
Қалаған жерлеріңе,
аһ ұрып,бара алмаудан!
Сүйгенді ренжітіп,
Жүрегін жаралаудан!

 

Маңдайға жазулы ма?
Періштем қажулы ма?
Қорқыттай қайда барсаң,
көрім де қазулы ма?

 

Қашан мен азат боламын?
Крездей бай болғанда ма?
Жынданып,ай толғанда ма?
Мүмкін бе,бұл жалғанда?
Қарағай басын секіріп,
шортан шалғанда ма?
Мүңкір-нәнкір келіп,
Жаныңды алғанда ма?


Күнаһар.

 Қызылды-жасылды шақырған оты,

қызықты болса,қайтемін?
Мың бұралған арудай,
қылықты болса,қайтемін?
Ар-ожданымның,ақылдың соты,
әлсіздеу болса,қайтемін?
Оқ дәрісі жоқ қарудай,
мәнсіздеу болса,қайтемін?

 

Бірақ, ертеңінде ғана,
қылығыма,беремін баға.
Бәрі де осы,ерге тән,
тек осы бір,кермек дәм.
Ештеме жоқ ұятты,
(ұятым жоқ сияқты!)

 

Жүрегім,миыма бағынбайды,
сезімге толы,қайтейін!
Тұманданып кетеді,
көзім де,сорлы,қайтейін!
Мойнына қарғы бау тағылмайды,
төбетім долы,қайтейін!
Лапылдап жанып кетеді,
шырақтың оты,қайтейін!

Бөрі арықтығын білдірмес...

Алдымда үміт,көзімде күдік,
Тағдырдан соққы,шаршадым күтіп.
Қақпанға түскен,қасқырдай шайнап,
Темірді босқа,кетердей түтіп.
Алысып болдым,шыдамым бітіп.
Сырт көзге саймын,егінім бітік,
Еркесі байдың,төрт-түлігі жітік.



Ішімде не ит,өлгенін қайдан,
Бітпейтін бір мұң,шығады қайнап.
Аузыма толған,заһарды жұтып,
Жіпсіз де мықты,қойғандай байлап,
Кеткендей біреу,тұнығымды лайлап.
Көрсетпей жанға,жүрсем де айлап,
Шыдамым жетер,қаншаға,қайдам!

Кәрілік.
 

 

Жанарыңның солғын тартып жарқылы,
Ажарыңның күлгіні артып,тартылып.
Кәрілік те келеді екен бір күні,
Күш-қуатың,бойдан кетіп,сарқылып.
Өміріңнің әр жылы мен әр күнін,
Оқуға болады,әжімдерің арқылы.

 

Мәңгі өмір сүретіндей көрініп,
Ертең,ертең,-дей беруші ең,ерініп.
Енді міне,аңсаумен өткен күндерді,
Сағынумен,еске аласың,беріліп.
Әсіресе,сол бір сырлы түндерді,
Бастан өткен,бозбалалық,серілік.

 

Ұлды ұрымға,қырымға қызды қондырып,
Істерің бітті,қойдың бәрін оңдырып.
Кемпіріңе қарап,отырсың енді ойланып,
Өзіңмен-өзің,тыжыранып,болдырып.
Шама жоқ әттең,салар едің сойқанды,
Баяғыдай,болса егер,жындылық.