"Қас-қағым"қондай қойылым?

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында "Қас-қағым" атты метафизикалық трагедиясы қойылды.Қойылымның режиссері- Елік Нұрсұлтан.Ал шығарманы ҚР еңбек сіңірген қайраткері,ҚР Патламеті Сенатының депутаты Жамбыл Ерғалиев жазған.Метафизикалық трагедия махаббатсыз,имансыз,сенімнен жұрдай қоғамның қорқынышты болмысын зерделейді.Шығарманың өн бойында тылсым бір үрей бар.Алуан түрлі жарық эффектілері мен қорқынышты дауыстар,көлеңкелі сахна,жайбарақат отырып тамашалауға мүмкіндік бермейді.

Білесіз бе, қойылым несімен қуатты? Меніңше,ол өзінің тосын шешімдерімен және күтпеген сахналарымен ерекшеленеді.Сюжет қуалап, оқиғаның қалай аяқтарын өз ойыңша долбарлап отырғаныңда, 2 сағат бойы ойлаған дүниенің барлығы қайдағы бір жындының жай ғана науқас қиялы екендігіне бірден мойынсұна алмай қаласың.Әр көрерменнің көкейінде өзі құрастырған желісі,финалы,шарықтау шегі болады.Ал, мынау күтпеген финал көрермен көңіліндегі қойылымның аяғын аспаннан келтіреді.

Спектакельдің негізгі мақсаты-ауру қоғамның өзінде маххабаттың өмір сүретіндігін көрсету.Жалпы алғанда қойылымдыдайындауға 4 айдай уақыт жұмсалған екен.

Енді бізге міндетті түрде екінші құрамның ойынын көру керек.Бәр шығарманың екі құрамның орындауында тамашалау арқылы көңілге көп нәрсе түюге болады.



Бөлісу: