Əр адамның өмірінде өз жаулары болады. Негізі адам ана құрсағынан туылғаннан жау болмайды. Тек адамдардың бір-бірімен көз-қарастарының қайшы болуының себебінен жау атанады. Ол жауластық кей адамдардың қандарына сіңіп өмірінің соңына диін, кей уақыттар да əкеден балаға жалғасып ата жау атанған талай оқыйғаларды білеміз. Енді мен сізге жауыңызды жер қылып, ойсырата жеңетін бір тәсіл айтпақшымын. Сіз жауыңызды жеңу үшін онымен дос болыңыз. Йə йə шалыс естімедіңіз дос болыңыз. Жай дос емес адал дос болыңыз. Сонда ғана жауыңыз алдыңызда құрдай жорғалайды. АҚШ президенті Авраам Линкольн "мен жауымды қырып-жойып жеңбеймін, оларды досыма айналдырамын" деп кеткен. Сондықтан жауыңызды жеңу үшін онымен дос болуға асығу қажет.