Қарызға батқан семейлік марихуана сатумен айналысқан

Қарызға батқан семейлік марихуана сатумен айналысқан
жеке
блог

Сәуір айының басында Семей қалалық полиция басқармасы Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 45 жастағы қала тұрғынының есірткі сатқанын анықтады.
Нақты айтсақ, есірткі заттарының заңсыз айналымымен айналысу фактісі тексерілді.
Санкцияланған тінту жүргізу барысында күдіктінің тұрғылықты жерінен мата түйіншегі мен ішінде өсімдік тектес жасыл түсті заты бар 15 полимерлі түйіншекті полиэтилен пакеті табылды. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген заттар жалпы салмағы 1 келі кептірілген марихуана болып шықты.

- Ер адамның аталған өсімдікті әрі қарай сату мақсатында өзен жағасынан жинап алғанын анықталды. Күдікті көптен бері есірткі саудалап жүріпті. Заңсыздыққа бару себебін сұрағанда кәсіптегі белшесінен батқан қарыздарын жабу үшін деп түсіндірген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК- нің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес (Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы баптың санциясы 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.