Жан боп кеттім, лас тірліктен жаны кір,
Тым қайғылы шырқалатын əні кіл..
Бізді ешкім түсінбейді... Білем ғой..
Бізді ешкім сүймейді ғой бəрібір,
Алматыдан кетейікші?!
--------------------------------------------------©Жұлдыз Молдағалиева
Қарындасқа жауап
Қайтейін, қарындасым осы қала,
Әйтеуір ренжітуге асығама!
Назыңа ноталы сөз таба алар ем,
Әй, бірақ сендік ашу басыла ма?!
Арқаның қызы едің ғой аялаған,
Тұп-тұнық тілек тілкеп ай-анадан.
Бізді ме... бізді қойшы мына шаһар,
Ең ақыры сені де аямаған!
Менің де арманымның асқары еді,
Алматы... атын айтсам асақақ еді!
Бақытсыздық жайлаған қара жерден,
Бақытты ма сенің ше аспан елі?!
Біздерді айдап келген алыс қырдан,
Қай самал? Желге апарып алыстырған.
Жақсысы екеумізді тоғыстырған
Жаманы тас қалада табыстырған...
Сенің де жоғалтқаның меніңдағы,
Бір арман, бір үміт қой жолымдағы.
Алматы көшесінде тұрсың бірақ,
Арқаның суреті ме қолыңдағы...
Тұрсың ба Алатауға үзбей қарап,
«Арқада тауым бар» деп, сіздей сәл-ақ...
Кетем де! Қарада тұр, Көктөбеде,
Қалып кеткен шаттығың іздейді әлі-ақ.
Білемін тас түйілген шешіміңді,
Бұл қала сағынады есіміңді...
Түсінбейтін сен айтқан сүймейтіндер,
Сен кеткенде қағады есігіңді...
Кетейік дейсің маған ақырында,
Жан ашу әлде аяу, ақылың ба?!
Алматы-ау еркелігін көтерместей,
Қандай бір ақың қалды ақыныңда?!
Кетесің! Біз кетерміз бұл қаладан,
Келеді! Өледі әлі мыңдап адам.
Сен кетсең арқа сүйер Арқаң бар ғой,
Мен кетсем белгісіз бір құмда қалам...
Өкінішті... өзек оттан күйе ме екен?
Кете алмаймын... мен үшін кие мекен!
Кеудемнен қанша итеріп жатсадағы,
Кешірші... сүйеді екем!
©Марғұлан Ақан