Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
блог
Заманның ағысы дейміз бе, әлде әншінің бағы үшін дейміз бе, әйтеуір көршінің де, кісінің де жеке әндеріне тыныштық берер емеспіз. Айыр қалпақ қырғыздарды мың шулатып, өзгені бір сұлатып тастадық. Сөзімізді сылдырмен емес, дәйекті дәлелмен айшықтайық. «Ұлы дала баласы» аталып кеткен, «Төреш» есімімен елге таныс Төреғали Төреәлінің «Төрешің» деп аталатын тамсандырған өлеңі Manding мен Fly project тобының «Сәлем» деп аталатын әнінің плагиаты болып шыққаны белгілі. Оған мақұл деген күймен, биылғы жылдың таланттарына тоқталайық. Кезекте, талай қыздың арманына айналған Әбдіжаппар Әлқожа мырза ән ұрлағанын жасырмайды. Мойындай білу де – үлкен ерлік! Тіпті, бұл әдіске сұлу бойжеткен үшін барған көрінеді. Батыл екенін көрсеткісі келді мекен?! Қызықтың қуырдағы әннің сөзінде болып тұр. Дегенмен, жас әнші бұл ісін «енді қайталамайтындығын» айтады. Келесі туынды, тіптен керемет. Хит шерудің алдынан төбе көрсетіп жүрген Willy Williamның «Ego» деп аталатын әнінің қазақша нұсқасы да жоқ емес. «Әдемі» деп атап қойған су жаңа Қазақстандық хитті Айбек Қоңырбай орындап келеді. Көршілерге тиіспей кеткен жоқпыз, бұл жолы. Өзбек ұлтының Жасурбек Жаббаров пен Дилноза Акбарованың орындауындағы «Азизм» әнін де өзімізге тартып алдық. Бүгінге бағы жанып келе жатқан жас әнші Қуандық Рақым мен Гаухар Сардарбектің орындауындағы «Болайық бірге» деп аталады плагиат туынды. Ендігі кезек – өзгелерде. Қарымта қайтаратын уақыт келді деді ма екен, шабуылды бастап кетті. Артур Саркасиян деген жас әнші топ бастап тұр. Ол бірден екі әнімізге қол сұқты келіп. «Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп шырқап келеді. Өзгерген сөз болмаса, әннің ауылы алыстамапты. Елді шулатып, «Алло» деп әндетіп, ұялы телефон тұтқасын алатын күйге жеткізген Төреш пен Еркенің хит әнін сөзбе-сөз аудара салу да бағаланып жатыр. Қырғыздардың қылығына «жол болсын» дейміз. Осындайда рэп айтып танылған Сайлаубектің әніндей болса, ұрланбас еді деген ой да туары жалған емес.
Қазақтың қанатты сөздері, қашан маңызы - жоғары, мағынасы - терең. «Қызым саған айтам, келінім сен тыңданы» басты назарға алайық. Заман талабына сай , «қазағым саған айтап, әншім-ау сен тыңдаға» ауыстырайық жөнімен. Тыңдарманның көңілінен шығамын деп, қалайда жүрегінен орын табамын деп, жанталасып жүрген өнерпазға айтарымыз: «ұрлық түбі – қорлық» екенін есте сақтайық!