Қарттарым - қазынам

      Даналықтың алтын кілті - ата-бабаларымыз. Ата жолын жалғап келе жатқан бүгінгі күнгі ақсақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз. Ата-әжелеріміз туралы жүрек жарды ойыммен бөліскім келіп отыр. 

      Қария деген сөз елдің басы болу, ақылын айтар дана болу, ел төрінде құрметке бөлену, ас бергенде немерелерінің үлесін бөлер қамқоршысы. Шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге ақылып айтар елі мен жерінің кеңесшісі. Қазақтың әр отбасында арқа тұтар ата-әжелері бар. Олардың әрбір айтқан гауһар тасқа бергісіз ақылдары жас ұрпақтың өсіп-өркендеуіне өте мол үлесін тигізеді.

       Ата-әжесі бар үйдің балалары да өзгеден ерек, ортасындағы ерекшелігі қариялардың ыстық алақанынан дәм татып, жауһар сөздерін саналарына сіңіріп өскендігі білінеді. Ата дәстүр салтымыздан таймай, ескі ғұрыптармен немерелерін нағыз қазақтың салтын сақтар бабалардың жолыменен жүретін өр рухты қазақты тәрбиелеп өсіреді. Сондықтан да болар, қарты бар үйден қазахилықтың иісі ұрып тұрады.

       "Қарты бар үй, қазыналы үй" деп бекер айтылмаса керек. Меніңде ата-әжем бар. Үйдің берекесі мен мерекесі, есігіміздің ажарын кіргізіп тұратын үйдің үлкендері  бастаған әр қадамымызға  дұрыс жол сілтеп, ата-бабамыздан қалған нақыл сөздермен сусындатып отырады.

       Ескінің көзін көрген аталарымыз мамандық алмасада, өмірден көркен-білгенімен дәрігер де, мұғалім де, емші де. Әжемнің айтқан ақылдарына мән беріп қарасаң, айтқанын орындасаң байқайсың, дәлелденген дәрігерлік нұсқаулармен пара-пар. Әженің ақылымен-ақ емделіп құлан таза айығуғада болады. Кейбір насихат әңгімелерін жер жүзін жеті рет айналып шықсаң да кезіктіре алмайсың.

       Қазіргі заманды техниканың заманы, ақпараттың заманы, даму, өркендеу деп жатамыз. Осы біз, күн өткен сайын білімдіміз, мықтымыз деп алып, қорғансыз қалған шағында қарияларымызды қарттар үйіне алып барып тоғыта саламыз. Кәне, біздің қазақылық, білімділік, ақша, мансап, байлық. Оның бірінің болганынан не пайда, иненің жасуындай жүрегінде мейірімі болмаса. Ата-анасымен бірге ойнап-күліп бір дасархан басында емін-еркін әңгіме дүкен құрып, ақылын тыңдамағаннан соң несі байлық. Өмір сыйлап, осы күнге қаншама еңбекпен жаткізгенде, енді адам қылдым-ау дегенде, қызығын көрер шағында, жас баладай көзін жаутаңдатып қарттар үйіне алып барып, еш шүміркпестен тапсыра салады.

       "Өзіне жақсы болады, жақсы қарайды" дейді. Бірақ қайдан ол қапаста ыңғайлы,  тыныш өмір сүрсін. Кішкентай үйде болса да, ұлтарақтай көрпеде отырса да, өз шаңырағында, өз балаларының ортасында отырып, титтей болса да, естіген жылы сөзіне ештеңе де жетпейді. Мемлекеттің қамқорлығы, бауыр еті баласының жымиған бір күлкісін, немерелерінің "аталаған" былдырының орнын баса алмайды ғой! 

      Көкірек көзі ашық, қазақ бауырларым! Қазақылықтан танбай, ата-анамызды қадірлей білейік. Қазақта "Сиырға түскен күн, бұзауға да түседі" дейді. Еш болмағанда ертеңімізді ойлайық. Әр қазақтың баласы ата-анасынан безінетін болса, келешегіміз бұлыңғыр болмақ. Үлгілі отбасылардың өнегесін алып, өсіп-өнген ел мақтанар, қызыға қарар әулет болуға талпынайық, қазақ десе қанын төгуге дайын тұрар, бауырларым! 



Бөлісу: