Қарттар үйі + балабақша

Қарттар үйі + балабақша
жеке
блог

Қартаю - өте қиын және қайғылы процесс болуы мүмкін, әсіресе бұны жалғыз өткізген кезінде. Көптеген елдерде қарт адамдар қалған өмірлерін қарттар үйлерінде өткізеді. Сондай арнаулы мекемелерге олар жағдайлардың тоғысуымен, немесе балалар әдейі жіберіп қалдырғандықтан түсіп қалады. Осындай жерлерде қандай жабырқанқы атмосфера болып тұрғанын елестетіп көріңіздерші! Көп қарттар өздерін жалғыз, ешкімге керек емес екенін болып сезінеді. Әрине, өмірді солай аяқтау денсаулық жағынан да, моральдық жағынан да өте қиын.

Дегенмен, Сиэтл қаласындағы “Intergenerational Learning Center” бірегей жобанын авторлары күшті идеяны іске асырды: қарттар үйі балабақшамен бірге қосылып жұмыс істеу. Нәтижесінде, балалардың бірнеше сүюші ата-әжелері пайда болады, ал қарттарға жабырқамау үшін кішкентай балалар бір стимул әкеліп, өмірге қуануға көмектеседі. Кішкентайлар сурет салу, музыкамен шуғылдану, кітап оқу, сөйлесу, тіпті билеу үшін мұғаліммен қарттарға келіп, олармен араласады. Менің ойымша, екі жағынан осы  жобадан пайда шығады.

Балалар:

- Жеке түрде шартсыз махаббат пен қамқорды алып, қайта беріп тұрады;

- Қартаю процессін жақсырақ қабылдайды және тереңірек түсінеді;

- Үлкендермен қалай сөйлесуды, араласуды үйренеді;

- Үлкендерге де кейде көмек қажет екенін түсінеді;

- Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қабылдауды үйренеді;

- Бір үлкен отбасының мүшесі болып қалады.

Ал қарт адамдар:

- Қоғамға өзінің керек екендігін жане пайдалы бола алатындығын сезінеді

- Көбірек қимылдайды

- Өмір тәжірибесімен бөлісу үшін мүмкіндік беріледі

- Жас ұрпаққа үлгі ретінде болып көрінеді

- Шаттанған, еркін, балалардың қалпына қуанып, рахаттанады

Кішкентайлар кірген кезде қариялар көз алдында көркейтіліп, энергияға толып, жылтылдайды.

“Осы жерде не өмір тәжірибесі мол адамдар, не тәжірибесі жоқ адамдар жиналады” – деп Present Perfect деректі фильмның авторы  (Эван Бриггс) айтады. Бұл кино қарт адамдардың қартаю мәселелеріне назар аудару мақсатымен түсірген.

Бұл идея бүкіл әлемнен позитивтік пікірлерін алып жүр, және де маған ол қатты ұнап жатыр. Қазақстанда қариялықты қарттар үйде қарсы алу мәселесі аса жиі кездеспейді. Негізінде, қазақтар ата-аналарын сондай арнаулы мекемелерге жібермей, олармен бірге тұрып, көмек көрсетеді. Бұл – біздің мәдениетіміздің ерекшелігі. Дегенмен, мұндай жағдайлар да болуы мүмкін, және менің ойымша осындай іс-тәжірибені Қазақстанда пайдалану жақсы болар еді. Әрине, оның әр түрлі кемшіліктері болуы да мүмкін. Мысалы әлеуметтік бейімделумен қиыншылықтар, психология жағынан мәселелер, т.б.  Бірақ жалпы мен қарттар үйі балабақшамен бірге қосылып жұмыс істеу ұсынысын қолдаймын, және оның нәтижелі болуына үміттенемін.