Таңғы сағат 6:30. Күндегі әдетіммен өз автобусымды күтіп аялдамада ұзақ тұрдым. Әйтеуір біраз тұрғаннан кейін келді, іші лық толы екен. Көп күтіп жаурап та қалдым, сондықтан қалайда осы автобусқа мінем деген әрекетпен көзімді тарс жұмып итерісіп жатып кірдім. Дәл «пиктің» уақыты, жолаушылардың мазалары қаша бастады.Түрлері бұзылып кеткен. Бір бойжеткен терезеге жабысып қалыпты. Еріндері жыбыр - жыбыр етіп жан - жағындағыларға өкпелеп тұрған сияқты. Менің жанымда тұрған екі жігіттің ештеңемен ісі жоқ, құлақтарына наушникті тығып алып , бөгде әлемде қиялданып ұшып жүргендей . Мен автобустың жоғары жағында тұрғанмын. Есік жақта тұрған бойы ұзын жігіттің де жағдайы мәз емес секілді. Бәрінің қақ төбесінен қарап тұру да оңай емес. Әлгі жігітке қарап, бір ұзын бойлы досымның сөздері есіме түсіп ,бір жағынан жігітке жаным ашып,бір жағынан күлкі қысып барады. Досым : «Бойын ұзын болғанның бір жаман жері автобуста қиын» дейтін , « неге ? » - ,деп сұрағанымда : « Мен автобусқа дүйсенбі және бейсенбі күндері отырғанды жақсы көрем, себебі ол күндері бәрінің « бастары » жуылған, жағымды иіс шығады » дегенде бір күліп едім . Еріксіз күлкі қысты, себебі ол күн «сенбі» болатын. «Әй бүгінгі жағдайың шыныменде қиын екен» , - деп күліп жібердім. Автобус ішіндегі адамдарды бақылап тұрғанымда, біраз аялдамаданы артта қалдырыппыз. Итерісіп әрең дегенде ВАЗ аялдамасына да келіп жеттік. Автобус ішіндегі жолаушылардың көп бөлігі түсуге дайындалып, есік жаққа қарай жылжып жатыр. Көбісі аялдамадан түсіп автобус сәл босап қалды, көліктің ішіндегі жаңағыдан бері қиналып тұрған біздің тыныс алуымыз оңалып, еркінсіп қалдық.
Автобус ВАЗ аялдамысында біраз бөгелді,есіктері айқара ашық. Енді жүргізуші ағай газды басып қозғалайын деп жатқанда, орыстың екі кемпірі асығып мініп алды. Екеуі құрбы сияқты, мінерін мініп алып, жастарға тиісе бастады. Орысшалап: « Нынешные молодежи совсем не такие как раньше, даже не могут место уступить пожилым людям » ,- деп біраз күбірлеп әбден мазаны қашырды. Орындықта отырған жастар жоқ, бәрі де тұрып тұрған болатын. Бірде 30 - 35 жас шамасындағы екі апай әлгі кемпірлерге орын босатып берді. Орындыққа отырған соң үндемей қалатын олар емес. Екі апаның өкпесі тарқамапты. « Біз жас кезімізде..», - деп бастады әңгімесін .... ой тоқтар емес екеуі... Жұрттың тағы мазасы қашты. Мағанда қызық апалардың әңгімесі, үндемей тыңдап тұрдым.. Бір кезде терезе жақта отырған бір ағай: « Мына әңгімешіл, ұрысқақ кемпірлермен келгенше, сығылысып, қысылып келгеніміз жақсы еді», - деп қойды, бәріміз қостап күле бастадық. Әй біреу сөз бастаса жалғастырып әкететін халықпыз ғой... Орын берген апайдың бірі: «Осылар таңғы 7: 00 не істейді ей автобусқа мініп? Қартайғанда үйде отыру керек қой», -деп дауыстап айтып қалды. Бәріміз: « Дұрыс айтады, өзіміздің апаларымыз осындай жасында үйде тып - тыныш немерелерін бағып отырады ғой », - дегендей көзбен қолдап жатырмыз . Автобус іші бір мезет үнсіз қалды. Әлгі апаларымыз үндемей, келесі аялдамадан түсіп кетті.Бәріміз бір- бірімізге қарап қалдық,іштей ризамыз...
Осындай көрініс әр автобуста кездеседі. Қарап тұрсаң өздері ғана емес,онсыз да тар автобусқа арбаларын қоса ала кіретін орыс апаларымызды мүлде түсіне алар емеспін. Қаншама адамның мазасын алып… Таң атпай не істейді екен шыныменде? Бәлкім өздеріне тән менталитеттің серпіні шығар...
Не дегенмен де бұл бір ғана жолдың оқиғасы ғой. Негізінен қанша қысылсаңда, автобусқа мінген ерекше қызық...