Әр екеуміздің жұмыс орнымыз сырты әйнекпен қапталған, мұздай жылтыр қарама-қарсы ғимараттың жетінші қабатында орналасқан.
Оған ғашық болғаным соншалық, оның әрбір қалт еткен қимылын көзден таса қылмауға барымды салдым. Тіпті талдырмаш денесін, тіп-тік ұстап, майысып отырып кофе ішкендегі бейнесінің өзі мен үшін қызықты кино көргенмен бара-бар еді.
Қаншама уақыттар өтті. Мен оның басының бос екендігіне көзімді әбден жеткіздім. Сөйтіп онымен кезігудің көптеген себебін іздеп тапса да, жүрегім еш дауаламады. Оған қарай адымдай бере, жүрегім атқақтап, денем мұздап сала беретін.
Әр күні тәңертең жұмысқа ерте жетуге асығатынмын. Бүгінде баяғысынша ентігіп, ерте жеттім. Ол әуелгі орнында ұшты күйлі жоқ болып шықты. Сөйтіп көз алдымда ғашығымның тек елесі ғана қалды. Бір күн. . . Екі күн. . . тіпті үш күн өтті, ол көрінбеді. Басым әлсін-әлі оған қарай бұрыла беретін әдетінен таймады. Ұзақ қараудан тіпті көзім бұлдырап ауыратынды тапты. Амалсыздан жекелік микро блогыма күнделік жаздым. Соңғы жағын:
– Батылым жетіп сенімен кездесе алмағаныма, лүпілдеген жүректің ішкі үнін саған жеткізе алмағаныма мәңгі бақи өкініп өтермін. Қайдасың жаным? Сені қатты сағындым! - деп аяқтадым.
Бірақ мен мүлде күтпеген жағдай жар берді. Он минуттан кейін микро блогма мынандай хат келіп түсті:
– Ақымақ, біз тоғызыншы қабатқа көшкенбіз! – депті ол хатында.
Естен Ерболұлы