Қарның ашса нағашыңа бар...

Қарның ашса нағашыңа бар...
жеке
блог

Иә, расында осы бір сөздің жаны бар. «Баланың жақсысы нағашысынан» деген сөзде тегін айтылмаса керек. Менің осы күндерді кешіп жүргеніме әуелі Аллаға, содан кейін Анама, қолдап жатпаса да қол ұшын беретін бауырларыма да алғысымды білдіремін.  

Нағашы атамның жақсы кісі болғанын үйде тұрған суреттегі күлімсіреген жүзінен және еңбектерінен білемін. Сол кісінің қызы менің аяулы Анам. Кейде оратылған ойларға батып отырып, осы Анам болмаса мен кім болып кетер едім деген ойлар келеді. Тәңіріме маған осындай Ананы сыйлап бергеніне «тәубе», «шүкір» деймін. Себебі азы-көпті жер араладым, ел көрдім, топтың ортасында болдым. Баласын қаңғытып өзгенің қолынан жетектеп кеткендер, тағысын тағы көптеген жағдайлармен алыстағандар жаһандық әлемде жетерлік. Әрине, мені аялаған жанның туған бауыры, бірге өсіп ер жеткен інісі де менің алға шығуыма бағыт беріп келеді. Талай асу, белес бар,- деп менің құлазымауыма үлес қосып қояды. Еркіндікті де сезініп, әр қашан кез-келген нәрсені өзің шешуге тырыс,- деп жиі айтып отырады. Расында, мен бала кезімде еріксіз нағашы әжемнің ауылында қол қанат болуға алып кеткен еді. Мүмкін содан болар, менде ашық-жарқындық жиі емес. Ақ қараны ажыратуда, өмір мектебінің ұстазы қатал екенін енді сезініп келемін. Студент болуға қадам басар шағымда ең жек көретінім «өзің біл» деген сөз болатын. Көбінесе өзгелердің ақылы арқылы сүренбесем деп ойлайтынмын. Кейін мұның өзі үлкен қателік екенін білдім. Қазіргі сәтте ең жақсы көретін сөзіме айналды.

Өмір мектеп, керегіңді аласың қажетсізін тастайсың. Күндердің күнінде бір биіктен көрінсем, ол менің жетістігім емес. Анамның жеңісі деп білемін. Содан соң бағыт берген нағашым Марат аға деп санаймын.