"Қарлы жаңбыр"

Неміс ұлтының өкілі, Ресейде туған азамат, бүгінде Қазақстанның әдебиет зерттеушісі, сыншы, аудармашы, қазақ, орыс тілдерінде шығармалары жарық көрген жазушы Герольд Бельгердің осынау кітабы қолға алып, алғашқы беттерін ашып оқи бергеннен-ақ ұнады. Қарапайымдылықпен өз ұлтына деген сүйіспеншілігін аша көрсеткен жазушы өзі өмір сүрген заманды сан қырынан алып суреттейді. ХХ ғасырдың орта беліндегі аса ауыр тұрмысты, кеңес қоғамындағы жетістіктер мен кемшіліктер хақында осы кітапта берілген түрлі әңгімелері арқылы баяндайды. Әңгімелер қысқа болғанымен, мол мағынаға ие тақырыптарымен өзіне баурап тұрады. Бірінен бірі асатын шағын көркем шығармалар мен өлеңдер жинағы аса қызықты, өте әсерлі. Өз елінен жырақта жүрген автор туған мекеніне деген сағынышын еш жасырмайды, осы ретте қазақ халқы, қазақ жері жайында жақсы пікір айтады. Қазақтардың игі қасиеттерін жіпке тізгендей ғып жазады. Елін сағынған бала жүректің сезімін, есейгеннен кейінгі де отанына барғанда алған әсерін қысқа әңгіме арқылы тамаша жеткізеді. Бүгінде кей қазақтың өзі білмейтін салтымызды басқа жағынан көрсетіп, өзіміздің дәстүрімізге деген құрметімізді одан әрі арттыра түседі. Осыдан-ақ жазушының біздің халқымызға, қазақ ұлтына құрметпен қарайтынын байқауға болады, қонақжай, жарқынжүзді халық ретінде сипаттайды. Өз елін сағына жүріп, өзіне, сол заманда Жайық бойынан көшірілген немістерге қамқорлық көрсетіп, еш жатсынбаған қазақтар жайында көркем суреттеп жазған авторды осы кітапты оқыған сәттен бастап-ақ жақсы танып, зор құрмет тұттып келемін.



Бөлісу: