Қарқыраған аяз салдары – бұл ақыр замаң болмаса, онда не?!

2012 жылдың 11-12 желтоқсан күндері еліміздің солтүстік пен шығыс өңірлерін жаппай 35-480 шамасындағы аяусыз аяздар кеңеттен басып алды. Көптеген адамдар үсік алып, ауруханаларға жеткізіле бастады. Ауылдық типтес қалашықтар мен кішігірм қалалар соғыс кезіндегі блокада секілді сырттағы өмірден тыс қалды. Трассалар мен қалаға баратын жолдар жабылып, көліктер мұз сияқты қатып, оталу қиындықа түсіп халық алғашқы қауіп қатерліктерге ұшыра бастады. Кейінгі кезекті үлкен қалалар да өз меңшігіне иемденді. ШҚО бойынша Семей мен оның қасындағы кішігірім қалашықтардың әкімшіліктері былтырғы жылдың жіберген қателіктерінен сабақ ала алмай, биыл тағы да халықты тондырып, әлеуметтік қажетіліктерден сырт қалдырды. Канализация, су құбырлары белгілі бір сценарий секілді кезек-кезек жарылып, халықтың жағдайын қиындатып жіберген секілді. Осы уақытта әрбір минут, әрбір сағат өте бағалы болып, жауапты органдар бұл апатарды дереу шешу керек еді. Бірақ өкінішке орай, үйлердің іші мұз басып, кейбір бала-бақшалар мен мектептер, ауруханалар мен халыққа әлеуметтік кызмет көрсететін орындар жұмыстарын тоқтата бастады. Көшелерде адам саны өте санаулы... Қарапайым халық үлкен ойға бөленді. Бұл қиындықтар, өкінішке орай әлі де кейбір жерлерде жалғасын тапты. Осыдан кейін бұл апаттар Алматыға ауысып, кезінде еліміздің қаржылық орталығы деп санап жүретін қаламыз, бұл аяздарға да төтеп бере алмады. Бір аптаның ішінде қаланың  ірі аудандар қатарына жатқызылатын шет аймақтары  қиындықты өз бастарынан кешті.  Кейін жауапты органдар мәлімдегеніндей Алматы қаласындағы су және канализация құбырларының ескеруі 60% құрайды. Дегенмен, халықты ауыр жағдайда қалдыруы үшін сылтау емес. Үкімет тарапынан, жергелікті бюджет тарапынан, кейде инвесторлардың бөлінген қаражаттары сонда қайда кеткені беймәлім. Қала шынымен сонау кезден бастап салынғанымен, қаланың әкімшілігіне түсетін қаржы жеткілікті деп санаймын. Жылда қаланың ортасынан жуырда ғана салынған жаңа асфальты бұзып, күздің ең суық күндеріне дейін берідеңке іздегендей асықпай-саспай жүреді. Ақыры ауа-райы күрт суытып, тез мезетте барлығын жауып, біз қысқы маусымға дайынбыз деп кеуделерін соғып отырады біздің шенеуніктер. Ал оның нәтижесінде апат болған жағдайда барлық жауапкершілікті жылуды тұтынушылардың, демек қарапайым халықтың мойындарын асырып түсіреді. Сылтаулары да күлкінішті. Надан шенеуніктердің ойынша халық үйдегі жылу беретін радиаторлардан ыстық су ағызып, солай балансты бұзады екен. Бірақ ең ойландыратын, әрі толғандыратын нәтиже, бұл сол бассыз шенеуніктер тұратын үйлер қысы-жазы жылы болып, ешқандай апаттар, құбырлардың жарылуы, жылудың тоқтатылуы сияқты әрекеттер болуы мүмкін емес. Олар ешқандай қиындықсыз әдемі, бақытты өмірлерін жалғастыра береді. 
Ойымды қорытындылай келгенде, сонда осындай әдемі, бақытты өмір кешу үшін бірден дүниеге шенеунік болып келу керек пе?! Немесе оның жақын туысы, жақыны болуы қажет пе?! Бұл бассыздық, ойларына не келетінің істеу, халықпен санаспау, қарапайым халықты адам ретінде санамай, итше әрекеттер істеу қашан тоқтатылады?! Шынымен оларға сол апатты үйлерде бір айдай шамасында тұрғызу қажет пе?! Мүмкін сонда халықтың қажетіліктерін өтеу үшін қаражат табылар?!
Қыстың әлі 2 айдай қарқыраған күндеріміз күтіп отыр. Ертең тағы осындай аяздар басып алған кезде, халық тағы бейшара күйінде үйлерінде қатып, ауырып отырады ма?! Осындай сабақ алатын жайттар қашан тоқтатылады?! Осы түрлерімен дамыған 50 елдің қатарына қосылғымыз келеді. Халықтың елдегі ішкі жағдайы толыққанды шешілмегенше, сырттағы сарабдал саясатымыз оң болып, үлкен жетістіктерге жетіп, беделді ұйымдарда төраға болуымыз уақытты бос өткізгендей болады. Сондықтан ең біріншіден қарапайым халықтың қамын ойлайық ағайын!!!



Бөлісу: