Қарғыс атсын сені...

Қарғыс атсын сені...
жеке
блог

  Өз ісінің нағыз маманы!,-деп сипаттаған еді, Н-қаласының наркобизнеспен күресу бөлімінің бастығына бір танысы.Бірақ қымбат алады...

   Полковниктің басқа амалы жоқ еді. Министр өзінің өте көңілі толмайтындығын білдірген еді. Оған да президенттен қайта-қайта сөгіс ести беру оңайға түспеген . Елдің екінші астанасы саналатын қалада наркобизнестің ушығып тұрған кезі еді. Оларды құрықтауға ол басқаратын мекеменің шамасы келмеді. Келер еді-ау,қайдан іздеу керек екенін білсе. Біреуін ұстап жатса, мына жақтан екіншісі шығып жатады, бейне бір бастары өсіп шыға беретін Гидра тәрізді. Министр бұл бассыздықты тоқтатуға тура бір ай уақыт берді. Бір ай ішінде қортынды болмаса, кресломен қоштасасың,-деп ескертті. Ол қорқытқан жоқ, солай істеуге мәжбүр еді. Оған да ақталу керек қой, бос қарап жатпағанын...

  Қара сиқыр магистрі... Ол өзін осылай атайтын еді. Оның төбесінен қарғыстардан құралған инферно құйыны арылмайтын. Құйын күшейген сайын оның сиқыры да арта түсетін, ал азайып кетсе.. Бірақ ол азайтпауға бар күшін салатын.

  -Бес жүз мың америкалықтардың теңгесі,-деді,-одан кемге келіспеймін-.
  -Түсініңізші,менің сізден аяп тұрған ешнәрсем жоқ,менде ондай ақша шықпайды,шығуы да мүмкін емес,-деп полковник,дем жетпегендей галстугын босатып. Содан кейін графиннен толтырып бір стақан су құйып алды да,бірақ сіміріп салды.
  -Жарайды,түсіндім ақ дейік,сонда қанша бере аласыз?-әдеті бойынша саудаласып үйреніп қалған сиқыршы. Шындығында оған ақша деген баяғыда-ақ қызығын жоғалтқан еді.
  -Елу мың доллар!-қыстығып әрең айтты,полковник.
  -Жүз мың төлейсіз, сонымен сөз бітті ,-деп магистр қысқа қайырды. -Қалай ақша табасыз,мына телефонга хабарласасыз8.............,-деп сөзін бітірді. 
  -Сонда нәтиже қанша уақытта болады?-деп сұрады полковник,амалы тауысылған пішінмен.
  -Нәтиже екі жеті,кепілдік бір жыл.-

   Н. қаласында шығатын газеттен үзінді:
Соңғы кезде қаламызды түсініксіз өлімдер жайлап кетті. Наркомандар, наркотик сататындардың бәрі бірінен кейін бірі асылып өліп жатыр. Тіпті бір рет марихуана шеккен оқушылар  да...

  Айырықша мән берілетін қылмыстармен жұмыс жасайтын тергеушінің қызметтік жазуынан үзінді:
Н. қаласының наркобизнеспен күрес бөлімінің бастығы полковник Х.У  өзін-өзі өлтірген деген тұжырымға келдік. Оған оның жазып кеткен хаты дәлел. Хатында "қарғыс атсын сені,қу мыстан" деген жазу жазылған...

  Полковниктің үйінде бүгін екі бірдей мүрде. Өзі және он оқитын ұлын жерлегелі жатыр. Имам бірақ екеуін де мұсылмандық жолмен жаназа шығарудан бас тартқан еді. Өйткені өзіне-өзі қол салғандарға жаназа шығаруға болмайды.