Қарауыл төбе

Осы ортадағы Қарауыл төбеміз Шыңғыстың дәл ортасындағы кіндігі дерсің. Қарауылдың төсінде жатқан Карауыл селосы да сағым көтеріп, Шыңғыстың басындағы бұлттардан шатыр тұрғызған тәрізді.

Село Қарауыл өзенінің жағасына орналасқан. Өзен де тебенің атымен Қарауыл атанған. Оның суы ұзақ уакытқа дейін тартылмайды, жағасы өте кұнарлы. Осы Қарауыл селосы 1929-жылы бұрынғы бес болыс Тобықты елі Шыңғыстау атанғаннан бастап, аудан орталығы болып келе жатыр. Одан бұрынырақта Шыңғыс елінің тең ортасы Доғалаң орталық болады деп, бірнеше жылға дейін ауданға делінген барлық пошта Доғалаңға деген атпен келіп тұрғаны мәлім. Доғалаң ол кездегі орталық жері шашырап жатқан көшпенді елдің болғанмен жері суға тапшы, жайылымы да нашар бір ғана таудың жалғыз басы болмаса, айналасы сүдігір, ықтасыны аз айшық еді. Сондықтан да жергілікті жердің адамдары бас қосып, Доғалаңның қыста да өте карлы болатынын ескерісіп аудан орталығы етіп, осы Қарауыл селосы орнаған жерді тағайындайды. Әрі Абай жатқан жерден орталықтың қашандап кетуін де қаламаған. 1930-жылы мен осындағы ШКМ --(коллективтендірілген жастар мектебі)-ге оқуға келдім. Сол кездегі қазіргі cе- ло тұрған жер, шалғыны белуардан келетін өлке бола- тын. Киіз үйде жатқан біздердің астымызға салған төсеніш киіздер таң атқанша суға малшынып қалатын- ды. Қарауыл өзенінің тау ішіндегі айналасына өскен қалың ну ағашты айтпағанның өзінде сағадан Сәлімбай қыстауының төменгі жағындағы Тас өткелге дейін ит тұмсығы етпейтін тал, терек, кайындардың ну жынысы болатын. Кез келген жерінен арба түгіл, салт аттылар да өте бермейтін өзен бойы ту сонау Жидебайдағы Абай басына дейін, бір-біріне жалғаса өскен ағаштармен көмкеріліп, Қарауыл суы бұрылып жіберілген арналарда да шіліктер желектеп, осы даланың бәрін ағаш басып тұрғандай керетінбіз. Қазір Қарауыл өзенінің арнасымен жарыса жаткан бірнеше құр арналар бар. Солардың ең үлкені селоның батыс жағында орналасқан Арыстан- бай Боқаш қыстауы арқылы Кеңгірбай бидің қызы Қоянбике бейітінің үстін басып, Байдалы өңіріндегі қалың шиге тіреледі. Екінші құр арна селоның дәл ор- тасында Абай көшесінің бойымен төмен құлайды. Мұны жергілікті тұрғындар Қарауыл өзені катты тасыған кезде, кейбір нөсер жүрген уақыттарда көріп жүр. Сол ертерек жылдарда өзен жағасында өскен ағаштардың жағалауларына итмұрын бұталар жайқалып, шеңгел мен шиге жалғасатын. Бұлар биік қараған - тобылғыларға ұласып, Қарауылдың ені екі шақырымға дейін созылып жатушы еді. Село тұрған жерде Қарауыл төбенің етегіне дейін, оншақты қыстау болды. Жаяу жүрген адамдарға айналасы ағаш, бұталар мен ши-шеңгелдерден көрінбейтін болған соң, әрбір қыстаудың жанында биік- биік күл төбелері тұратын. Міне, осы күл төбелерді жұрт мал көздеп, жан-жақты байқауға қолайлы санайтын.

Енді біз Қарауыл селосының өз жағдайына тоқталалық. 1954-жылы Абайдың қайтыс болуының елу жылдығы атап өтілген кезде Қарауыл селосын "Абай" деп атау туралы республика үкіметінің Указы жарияланды. Бірақ, осы қаулы әлдеқандай себептерден орын- далмай, аудан орталығы Қарауыл атанған күйінде қайтадан қала берді. Мүмкін, бұл жағдай сол кезде "аудан көшіріледі" деген лақапқа байланысты сенімсіздік туып, Указ күшіне ене алмай қалған болар. Әйтеуір, ұлы ақынның жерлестері бұл күнде сан қала, аудан, се- ло, көше аттары өзгеріліп жатса да Абай атына шыққан Указдың өз күшіне енбей қалуына таңданады. Бірақ көпшілік жүрт Қарауыл деудің орнына "Абайлап!" жар салып жатады. Ауданда орталық жылу жүйесі мен су құбыры жұмыс істейді. Жаңадан үлкен аэропорт құрылысы жүріп жатыр. Село көшелерінің көбі асфальттанған. Абайға салынған ескерткіш алдындағы алаңды аудан еңбекшілері өздерінің аса қадірлі жерлерінің біріне сан- айды. Мұндағы мінбеден Абай еліне келген мемлекет қайраткерлері мен даңқты адамдардың сөз сөйлемеген- дері шамалы. 1957-жылы алпыс жасқа толып, туған еліне ақырғы келген сапарында Мұхтар аға: -"Менің бойыма біткен азды-көпті қадір-қасиетім мен талантым мына балаларымда қалса екен",- деп, алдына топтасқан жас бүлдіршіндерді нұсқаған болатын. Селоның ең көрікті жасыл желекке бөленген өңірі бас басында мәңгілікке шырақ жанған Ұлы Отан соғысы ба- тырларының ескерткіші. Аза гүлдер үйіліп жатыр. Белгісіз солдат қабірі алдында үнсіз бас иіп тұрып:  "Ешкім де, ешқашан да ұмыт болмайды", - деп, Сіз де ішіңізден қайталайсыз. 1931-жылғы аштық кезіндегі ауыр жағдайдың құрбандары болған Олжабай Шалабаев пен Рамазан және Рәпіш Әбішевтерге салынған ескерткіш белгілер, әсіресе жастарымыздың өткен күн тарихына ой жүгіртетін мекен-жайларының біріне айналды.

 Жоталана созылған Шыңғыстың кей тұсының ені 40, кей жерлері 100 шақырым. Тал, қайың, терекпен көмкерілген өзен, өлкелердің сай-саласында не өспейді дейсіз. Мал жайылымының көбі-ақ бүлдіргенді сай-сала- лар, қарақат, сарымсақ өсетін өңірлер. Мұнда сайғақтар табынымен жүреді де, арқарлар қоймен бірге жайылады, шошқа, киік, елік, түлкі, қасқырлар да осында мекен- дейді. Бүркіт, қаршыға, ителгі сияқты қыран құстармен қатар аққу, аққұтан, қаз, үйрексіз сулары шамалы. Бөктерінде байғыз, көкегі шақырса, шыңында тастүлек- тері сайысқа түсіп жатады. Мұқаң "Абай жолы" эпопея- 6 сында "балақ төбелер" деген сөзді қолданатыны мәлім. 176

 Оқушыларымызға ұғынықты болу үшін, бұл сөзге түсінік бере кетелік. Шыңғыстың тауын үш топқа бөліп қарауға болады. Біріншісі - балақ төбелер. Шыңғыстың үлкен қатпарының бауырында бөлек жатқан адыр-бұйраты аралас төбелерді солай айтады. Бұлардың кейбірінің ені үш- төрт шақырымға созылып, ұзындығы 15-20 шақырымнан асады. Екіншісі, Шыңғыстың құж-құж қатпарлы таулары. Бұл таулар балақ төбелердің сыртын- да жатқандықтан, қарға қалқан, суыққа пана. Жаз бол- са сай-саласы неше түрлі гүлге бөгіп, шүйгін-шалғынымен құлпырып көздің жауын алады. Бұл жерлерді шабындыққа пайдаланған соң, жазда жайла- майды. Шыңғыстың үшінші қабаты - сыртқы жайлау тау- лары деп аталады. Жайлау таулары жатаған тоқал ке- леді де, жазығына шығатын шөп тауының басына дейін біркелкі болып өседі. Сондықтан мал таптамай тұрып, таудың басына дейін шөбі шабылып алынады. Жайлау тауларын тек жазда ғана пайдаланатын болғандықтан, шопандар өріс жаңарта үнемі жылжып, қонып отырады. Бәрінің аты Шыңғыс болғанмен, үйір-үйір тауларды же- ке-жеке пайдалануға уақыт таңдайды. Шыңғыстан бұлқынып шығатын Шет, Қос, Бұзау, Құндызды, Мұқыр, Тақыр, Қарауыл, Бөкенші, Көлденең, Қаражартас, Шаған секілді мөп-мөлдір өзендер бар. Осы өзендер таудан жазыққа құлағаннан кейін, жазға салым арнадан асып жайылады да, Шет, Жетімқорық, Құндыз- ды, Қосағаш, Маян, Жидебай, Қыдыр, Саржал қорығы аталатын шабындықты өлкелерге саяды. Бұлардың кейбіреулері 400-500 шаршы шақырым өңірді алып жа- тыр. Шыңғыстың шабындықсыз сай-саласы жоқ. Іші-сыр- ты бірдей жайылым болғандықтан, қыстаусыз төбе жоқ. Шыңғыстың екі жүз шақырымға созылған бөктері тақтайдай жазық болып келеді де, қыс күндерінде мұнда қар жатпайды. Шыңғыс елінде мынадай нақыл бар: "Оңынан соққан жел - құт, Шыңғыстан соққан жел - жұт". Тегінде, Шыңғыстың желі өте қатты. Арнасынан су қашып, тас борайды. Нашар жасалған құрылыстарды талқандап, машина- ны аударып кететін желдер оқтын-оқтын соғып тұрады. Біз Шыңғыстың теңіз деңгейінен мың метр шамасын- да жоғары тұрғанын білеміз. Жері өр болғандықтан, та- уының биіктігі жай көзге байқалмайды. Бөрлі, Хан, Қаражартас сияқты заңғарлар - осы алып таудың биік  жоталар. Бүркіттің ұялары көп, терең шатқалдар ағаштармен жабылған, алыстан алып батырлар сияқты оқшау орналасқан. Біз қазір Шыңғыс асуы үшін қарауыл өзенінен жоғары көтерілеміз. Абай атындағы кеңшардың орталығы Тоғжан қыстағына қарама-қарсы орналасқан. Мұнда Абай ескерткіші де бар. Жолаушы жолда болғандықтан немесе ауыл жолда болғандықтан өтпеуі мүмкін емес. Бір қызығы, бұл ауданның көптеген оқушыларының аты Тоғжан. Сонымен, оның қыстауы. Мұнда Абай совхозының ең ерке адамы отыр. - Мен сенің Білгеніңді қаламаймын Мен сенің Білгеніңді қалаймын мен сенің Білгеніңді қалаймын мен сенің Білгеніңді қалаймын мен сенің Білгеніңді қалаймын мен сенің Білгеніңді қалаймын мен сенің бақытты болғаныңды қалаймын. Бұл Тоғжанның алтын ұясы, онда сұлулықтың таңғажайып тартымдылығы болып табылатын ұрпақ қалды. Абай мен абайол өтетін өзен арнасынан үш жүз метр жерде ғана Абай ауылының орталығындағы ескерткіш көрінеді. Дәл осы ескерткішке жаңа үйленгендер жұптарымен бірге гүл шоқтарын қойып, олардың махаббаты күшті болатынына сеніп ант береді. Тоғжан ауылының құйылысынан мың метр жерде ғана тарихқа өте бай Қарауыл өзенінің өлкесі Ақжар орналасқан. Қарауыл өзені Таудан осы Ақжардан оңға бұрылады және Жидебайға тікелей тартылады.

Кәмен Оразалин

«Абай ауылына саяхат»  (Ұлы ақынның 150 жылдығына арналады), Алматы «Жалын» 1994ж, 151-152-беттер 



Бөлісу: