Қарашаңырақ ҚазҰУ-ым
блог
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - еліміздің қоғамдық өмірі мен білім, ғылым, жалпы оқу ағарту саласының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінің куәгері. Университет - ұлағатты ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген, таусылмас білім ордасы. Қасиетті қарашаңырақ тарихының әрбір кірпіші оның белгілі ғалымдары, оқытушылары мен студент жастарының талмас қайраты мен күнделікті еңбегінің арқасында қаланған.
Белестері биік білім ордасына бугінде 80 жыл толды. 80 жыл… елді секем еткен жаңалыктармен толы болды.Тарихы тереңнен орын алған бұл қарашаңырақ басында Киров атындағы одан ҚазМУ,ҚазҰУ деген аттарды иемденді.Ұзақ әрі ұтымды жол журіп келеді, бұл мекеме.Негізі нысананы өскелең ұрпаққа жол көрсетуге арнаған университеттің жетер жетістігі молынан болды…Мәселе 80 жылдықта емес, мәселе 80 жылда атқарылған істе емес пе?! Ол жетістікке бугінде ел басқарып отырған халық қалаулыларының жартысынан көбі осы қасиетті мекеннен түлеп ұшқан еді деп бір сөзбен жеткізсек те аздық етпес. Нәтиже деген осы болар, сірә…ҚаЗҰУ деген сөзді естігенде санаға бірден-сапа, дәреже, бәсеке, жүйрік, бірінші, көшбасшы, абырой,білікті деген сөздер енеді. Алтын білім ордасы ҚазҰУ дамыған ЖОО сапалы көрсеткіштерін бағалаудың танылған QS рейтингілік агенттігінің зерттеу нәтижесінің қорытындысы бойынша 800 үздік университеті арасында 299-орынды бағындырып, әлемдік топ-300 үздік ЖОО қатарына енді.
Қарашаңырақтың табалдырығын 2011 жыл аттап, «Философия және саясаттану» факультетінің «мәдениеттану» мамандығының білімін сусындауға бұйырыпты. Мамандығым өзіме ұнайды, профессорлардың дәрісін тыңдап, талқылап тақырыпты ашуға тырысамыз. Бұл бізді жақсы маман иесі болуға, қауымның алдында өзіңді ұстауды, бастысы көшбасшы болуға үйретеді. Бұл көшбасшылық қасиет біздің университет қабырғасына тән дүние! Жастардың адамгершілік - рухани құндылықтарын дамыту, оларды патриоттық тәрбиеге, ұлттық сана сезімді оятуға баулу, білім алу және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысу біліктілігін арттыру, дәстүрлі мәдениетіміздің рухани және материалдық құндылықтарын сараптай отырып, тани білуге үйрету - бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі болып отыр. Қоғамның негізгі тірегі - азаттық рухы мен бабалар өнегесін бойына сіңірген, білімге деген талпынысы жоғары, алдына биік мақсаттар қоя білетін жалынды жастар. Ал жастардың негізгі бөлігін студенттер құрайтыны бәрімізге белгілі. Болашақ кәсіби маман болатын студенттің ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен саналы сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыру мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның философия және саясаттану факультетінде Мәдениеттану мамандығы құрылған болатын. Мәдениеттану - бұл студенттердің қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік, тілдік және ғылыми қызығушылықтарын арттыруға бағытталған қоғамдық пән болып табылады. Пән ретінде студенттердің қоғамдық белсенділіктерін дамытуға, бос уақыттарын тиімді өткізуге, сондай-ақ мәдениет пен спорт бағытын жетілдіруге, университеттің ұжымдық мәдениетін арттыруға бағытталған. Бұл бағыттар бойынша мәдениеттану мамандығының студенттері әр түрлі конкурстар мен дөңгелек үстелдер, іс-шаралар өткізеді, әрдайым көрмелерге, кинотеатрларға, театрларға мәдени жорықтар, қала мұражайларына және т.б. студенттік экскурсиялар ұйымдастырып отырады, мәдениет саласында қызмет етіп жүрген дарынды өнер қайраткерлерімен қызықты кездесулер өткізіп тұрады.
Міне, осындай жетістіктерге толы қарашаңырақта білім алып жатқаныма шексіз қуаныштымын! Болашақтарыңыз жарқын болсын десеңіздер, біздің қарашаңыраққа келіңіздер!