Қарапайымдылық әлемді мойындатады

 Журналистиканың жанрлық түрі мен пішіндері пәнінен Какен Қамзин ағай "жасандылық және табиғилық" жөнінде ой толғау жазып келуімізді тапсырды. Әрі ойланып, бері ойланып айдыныма аққуымды әрең қондырдым. Сондағы шимайым мынау:

Жасанды дүние еш уақытта табиғи дүниемен теңесе алмайды. Мәселен, шам – табиғи, электршам – жасанды. Алла тағала берген табиғи дарыны, қабілеті бар адам қай жерді болса да жарып шығады, қай жерде болмасын өз орнын табады. Жасандылық белгілі  бір уақытта, белгілі бір дәрежеде табиғилықпен теңескендей көрінуі мүмкін. Бірақ, уақытша ғана. Себебі, табиғилық – қарапайымдылық, ал қарапайымдылық әлемді мойындатады. Сондықтан,  жасанды жарығы бар адам ("жасанды жарығы бар адам" деп отырғаным бір нәрсені қармап қалу үшін оқитын адамдар) – белгілі бір уақыттың жемісі, ал табиғи жарығы бар адам (дүние үшін емес, өзі үшін оқитын, келешек ұрпақ үшін бір жақсы дүние қалдырам дейтін адамдар) – жаратылыстың жемісі деп қарағанымыз жөн болар.

 



Бөлісу: