Қарапайым логикалық сұрақтар...

Қарапайым логикалық сұрақтар...
жеке
блог

1.Белі бүкір, алысқа  түкір-мылтық, ол не?

2.Қай кезде қызылға тоқтамай, жасылға тоқтайсыз?

3.Есік,терезесі жоқ бос, қараңғы бөлменің едені мен төбесі айна болса, сіз қанша бейнеңізді көре аласыз?

4.Сіз әлдебір бөлмеге қамалып қалдыңыз,және шығуға Үш есік болса, біреуінде лаулаған от, екіншісінде бір ай бойы аш болған арыстандар, соңғысында тік құз болса, қайсысын таңдасаңыз аман қаласыз?

5.Қай айда 28 күн бар?

6.Шикі жұмыртқаны қалай бетонға лақтырып, және оны сындыруға болады?

7.Көк орамалды суға салса,не болады?

8.Жаңбырлы күні қандай ағаштың астында отырасыз?

9.Шайды қай қолмен араластыру керек?

10.Қала мен қаланы қосады бірақ қазғалмайды. ол не?

ЖАУАПТАР:

1.Жұмбақ

2.Қарбыз жегенде)))

3.Ешқандай. Себебі, қараңғы бөлмеден өз бейнеңді көру мүмкін емес.

4.Арыстандар бар есікті таңдасаңыз аман қалуыңызға болады. Себебі, бір ай аш қалса, арыстандар өліп қалады.

5.Барлық айда кем дегенде 28 күн болады.

6.Жұмыртқа бетонды сындыра алмайды.

7.Орамал су болады.

8.Су ағаштың

9.Шайды қасықпен араластырған дұрыс))))

10.Жол

Егер жауаптарын толық білсеңіз, немесе тапсаңыз, отырыста, не болмаса, достарыңызбен жиналғанда, осы сұрақтарды қойып көріңіз. Кешті көңілдірек етесіз...