Сәлем достар! Мені әрқашан кедейшілікте өмір сүріп,көп қиындық көрсе де армандарынан бас тартпаған атақты адамдардың өмірі қызықтырады! Бойларындағы таланты мен асқақ армандарына сеніп,өмірдің қилы жолдарынан сүрінбей өткен аңыз адамдар жайлы алда көптеген блогтар жазамын.Бүгін мен сіздерге әлемге әйгілі актер жайлы қызықты деректер жазбақпын.Бұл жұмбақ өнер адамы дүние есігін ашқан сәттен бастап өмірі қиындыққа толы болған! -Ол дүниеге келген кезде бетінің жүйке тамырлары зақымданған.Соның салдарынан беті,аузы,тілі жансызданған! -Он бір жасында ата-анасы ажырасып кеткен!
-Он үш жасына дейін нашар тәртібі үшін оқудан қуылып,он мектепауыстырған!
-Мектепте балалар оған дұрыс сөйлей алмағандығын және бойының кішілігін айтып мазақ қылған!
-Жиырма төрт жасына дейн зообақ торларын тазалаушы,қарауыл,күзетші болып жұмыс жасаған!
-Актер болуды армандаған,бірақ тілінің кемістігі мен түр-келбетінің сай келмеуінен рөл берілмеген!
-Сол кездері ол әрқайсысына төрт реттен үш жүз студияға барған екен.Бәрі де нәтижесіз аяқталған,ешкім рөл бергісі келмеген!
-Отыз жасында ақша жетіспеушілігінен әйелінің әшекейін оның рұқсатынсыз сатып жіберген.Сол үшін әйелі бір жастағы ұлын алып кетіп қалған! -Сонан соң тамақтандыратын азығы болмағандықтан итін 50 $-ға сатып жіберген!
-Сол жылы ол бір бардан шабытының оянуына себепкер болған бокс жекпе-жегін көреді.Екі күн ішінде фильмге сценарий жазады.Оны 25 мың долларға сатып,”басты рөлде өзім ойнаймын”-деген шартқа қол қояды!
-Фильм көрерменнің үлкен ықыласына бөленіп,”Оскардың” он жүлдесіне ұсынылады және актерді әлемнің бай адамдары қатарына қосады! Бұл жұмбақ адамның есімі-Сильвестр Сталлоне!Ал оған үлкен бедел мен атақ алып келген фильмнің аты “Рокки” болатын!