Айдос Қалықовтың жұмыс күні әр минутына дейін жазылған. «Уақыт тапшы кезде оны үнемдеуге көмектесетін құралдардың көп болғаны жақсы. Мысалы Kaspi.kz интернет магазинінің көмегімен үйіме пеш, ұлыма ұялы телефон алдым. Бәрі жылдам, уақытты үнемдейді», дейді өзі.
Айдос сияқты ер-азаматтарды көріп, жылтыр журналдардағы ер-азамат қалмады деген түрлі әңгіменің бос екенін байқайсың. Тұлғалы, жұдырығы мығым, иығы кең, күлкісінің өзі нағыз ер адамға тән, көзінде әкелік мейірім бар. Ол іргетасты қалай құйып, көліктің двигателін жөндеп, бұнымен қатар ұлының памперсін ауыстырып, жылап отырған баланы жұбата алады. Айдос төрт баланың әкесі. Оның бала бағудағы тәжірибесі бойынша кітап жазуға болады. Біздің көп адамдар үлкен отбасынқұруға қорқатын уақытта, ол балалар-өмірдегі ең басты нәрсе деп санайды. Олардың тәрибесімен, оқуымен айналысу қажет. Ол Айдос бұл үшін барын салып жүр.
- Менің үш ұлым, екі айлық қызым бар. Құдай брген қызымды Айзере деп атадық. Есімі ерекше. Ақылды, зерделі дегенді білдіреді. Біз атына сай болғанын қалаймыз. Абайдың анасының есімі Зере болғанын бәрі біледі. Ұлдарым әрқашан қолдаушым мен көмекшім. Үлкенім студент. Политехникалық унивеситетте оқиды. Болашақ машина жасаушы. Бұл мамандықты жәй таңдаған жоқ. Әке, Қазақстанда машина жасау ісін дамыту керек дейді. Үлкен мақсаттары бар. Таныстарым неге заңгер немесе экономистке бермедің, қазір сәнді ғой дейді. Менің білуімше қазір еліміздегі 17 миллион адамның үштен бірі заңгер. Өндіріспен кім айналысады? Ұлым Шығыс Қазақстан облысына зауытқа баруды жоспарлап жүр. Мен, егер бәрін ойластырсаң бара ғой, сені әрқашан қолдаймын дедім. Баланы сыртқа жібергенде уайымдайсың. Байланысты болу үшін жақында iPhone 6 сатып алып бердім. Бұл мақтану емес, шынымен қажет нәрсе. Ұлым телефондағы барлық нәрсені пайдаланады. Интернет қажет. Ұлыма телефон сатып алып беру үшін Kaspi.kz интернет магзинін пайдаландым. Сайтқа кірдім, бәрі сатушының сөресіндегідей көрсетіліпті. Бағалары да ұнады. Сайтта отырып бәрін зерттеп, сатып алуды шештім. Тышқанмен бір ғана шерттің, телефон кәрзіңкеде. Мұндай сатып алулар әрине, біздің өмірімізді жеңілдетеді. Әсіресе, бір минут уақыт тапшы кезе.
Кіші ұлдарыма бұл үлгі. Егер жақсы оқыса, өмірлік жолын таңдаса – сендерге де жақсы сыйлық болады. Олар ағаларымен теңеседі деп сенемін. Ортаншым мектепте оқиды, өте сабырлы, тіл үйренгенді жақсы көреді. Кішісі алты жастан Ол да үлкен істерге талпынып тұрады. Біздің отбасымызда солай қалыптасқан. Бір-біріне көмектеседі, нақты іспен айналысады.
Үлкен отбасына үлкен үйдің қажеті түсінікті. Айдос оны жақсында салып бітіріпті.
-Үйді үлкейту керек деп шештім. Отбасымның өмірін жақсарту керек. Алатау ауданынан жер учаскесін сатып алдым. Үш жыл уақытым кетті. Өйткені көп жұмысын өзім жасадым. Туыстарым да көмектесті. Басында көмірмен жылыту қажет болды. Бірақ бір жыл бұрын газ жүргіздік. Газ плитасын алу керек болды. Мен бірден Kaspi.kz-ке кіріп қарай бастадым. Бәрі қолыңдағы құрылдың ішінде тұрғанда, бір жаққа барып іздеудің қажеті не?
Интернет дүкен арқылы тауарды несиеге алу өте ыңғайлы. Артық төлем кішкентай ғана. Өтініш қалдырдым, 15 минуттан кейін хабарласып, мақұлдағанын айтты. Кредитті жауып тастадық, қарыздан құтылдық.
Енді тағы бір зат алуды ойлап жүрміз. Әйеліме кіріп қара, ыңғайлы деймін. Қолында кішкентай баласы бар, шопингке уақыты жоқ әйелдер үшін де ыңғайлы. Бұл үлкен плюс.