Қарап жүрмей қара тізімге іліктім

Қарап жүрмей қара тізімге іліктім
жеке
блог

Бүгінгі күнім тарихымдағы есте қаларлық күн болды. Неге дейсіз ғой, университеттегі ең алғашқы НБ-ны (не было, қазақша сабақта болмады) алдым. Алғанда көңіл-күйім көтеріліпSmile, менен асқан бақытты жан жоқ секілді, қуанышты Coolсезімде болдым десем сенбей-ақ қойыңыздар. Себебі мұғалімдер НБ түссе біттің деп қорқытқан еді, ал бүгін сол НБ-ның құрметті иегері атандым. Өзге студенттер сабаққа келмей НБ алып жатыр, тіпті кейбіреулеінің жоғы білінбей де кетеді ғойй. Ал мен, мен 5-6 минут сабақтан кешігіп қалдым, ертерек келсем болады ғой, ойланып қарасам бәріне өзім кінәлі екенмін. Аудиторияға кірместен «екі аяқтарыңды бір нәскиге тығамын» дейтін апайдың қаһарына ұшырадық (кешіккендер тобын бастаған қосында менен басқа 3 адам болды). Жер жебірімізге жетіп ұрысты, ішімнен «ия, құдайымай, маған кесірі тисе де группаға тимесе екен» деп тұрдым. 2 сабақ бойы кешіккендерді отырғызбады, тұрып тұрдық. Лекцияны да жазбадық, ал ең бастысы «қара тізімнен» төртеуміз ойып тұрып орын алдық »қара тізім» деп тұрғаным сессияда мұғалімнің басты назарында болу деген сөз, яғни «екі аяғымызды бір етікке тығатын күн» жақындап келеді. Қазақпыз ғой кез келген жаңалыққа мәз болатын, сыртқа шыққан соң НБ алғандарды құттықтадым, группаға "жұғысты болмасын" деген тілек тілеп, әдеттегідей екінші курстағы студенттен НБ-ның мән-жайын сұрап алдым, олар бізге күлеееееді, әрдайым бізді көрсе "ай перваштарайй" деп жүреді. Алғашқы рубежканы сессияға балаған едік,рейтингті түсінбей қиналғанда едік. Ал енді қыл көпір жақындап келеді, біздің алғашқы жүріп өтер қыл көпіріміз - СЕССИЯ...