Қаракөз қазақ қыздары
блог
Егеменбіз не жетпейді біздерге,
Қаракөздер кетіп жатыр өзге елге.
Тұрмыс құрып шет елдікпен кетуде,
Ойға алған мақсатына жетуде.
Сонда қайда тепсе темір үзетін?
Керей менен Жәнібектің ұрпағы.
Қазақ қызы қылса оларға ізетін,
Болар еді олар елдің сұлтаны.
Шетелдікпен тұрмыс құрып басында,
Жағдайы оның жақсы болды расында.
Аяғы ауыр, айлар өтті арадан,
Шетелдік жоқ бұған енді қараған.
Еліне әкеп тастады бір баламен,
Сондай жанға көзім салып қарап ем.
Қалды мөлдір жанарынан жас тамып,
Қазір жатыр қара жерді жастанып.
Асырай алмай ол өзінің баласын,
Арам ойлар қаптады кеп санасын.
Жетімдердің үйіне әкеп тастаған,
Қаракөзге осында таң қаласың.
Болашағы бұл баланың бұлыңғыр,
Жастар бұны сен санаңа ұғындыр.
Тәрбиесін көрмей өсер ата-ананың,
Ешкім білмес ертең кім боп аталарын.
Ата-ананың алып өссе тәлімін,
Мектеп барып таныр еді әрібін.
Ақ сүтімен анасының сусындап,
Жағар еді-ау бір отаудың жарығын.
Мүмкін болар болашақта данышпан,
Қол бұлғайық сол күндерге алыстан.
Тастамасын ешкім туған баласын,
Әйтпесе оған бір күн зар боп қаласың.
Шақырмайық, қолдан осы әдетті,
Қазақ қызы сыпайы ылғи, әдепті.
Еш жылама көңілің сенің бос еді,
Айтқым келген менің ойым осы еді.