Қаражорға қайыр сұрап жүр...
блог
Фотоаппаратқа таласып қалатын кезіміз болады редакцияда. Бір жолы ұятты қалтаға салып қойып тұрып, аппаратты алып кеткенім бар. Дұрыс болған екен. Тіршіліктің шынайы бет-бейнесін көре алдым. Суретке де түсірдім. Сурет кәсіби жағынан нашар шығар, бірақ өз әсерім тым қатты. Бұл суреттер ҚазҰУ маңайында түсірілген...
Бұл суретте шешесі бүлдіршін баласын билетіп, ән салғызып жатыр. Көресі көздер көрді ғой...
Мына суретте енді басқа қаңғыбастар. Аяу керек пе, даттау керек пе? Келесі суреттен түсінесіз...
Ел-жұртқа естіртіп жылатқысы келген "шешенің" өз баласын ұрып жатқаны...
Сұмдық-ай... Осы кісілер жер асты өткелінде де отырады. Қолдарын жайып, балаларын соғып... Бұл бейшаралар шеше болудан қалған ба?
Барлығымыз да көріп тұрмыз. Шарамыз не? Не істейік?