Қарагөзім...
жеке
блог
блог
Сыйлайсың қуаныш жаныңды нұрға бөлеп,
Мейірімнен жаралған,қазақ қызы жөні бөлек.
Қылығыңнан айналдым еркем,өнегелі,
Тамсантқан жанды көркемдіктің лебі кернеп.
Әр ісің жарасым тапқан сөздеріңмен,
Әсемдігі әлемнің көрінеді көздеріңнен
Паһ,шіркін қазағымның қарагөзі
Байыппенен айналайын төзіміңнен.
Сұлулығың бір бөлек дүние көрінер,
Сөздеріңнен уытты шешендер де сүрінер.
Тал бойында бір мін жоқ,қазақ қызы
Жөнін білген,шығарар әркез төріне ер.
Батылдығың жасырынған нәзік бітіміңде
Ақылың дария,бітістірер кім-кімді де
Жаратушым жаратыпты көрінісін
Көркемдіктің қазағымның қара көздерінде...