Қарағандылық студенттерді сынға алған жаңалық таратушылардың көздегені не?

Қарағандылық студенттерді сынға алған жаңалық таратушылардың көздегені не?
жеке
блог

«HARLEM SHAKE»  биіне жарнама жасау ма?

Әлде жастарды көгілдір экран арқылы тәрбиелеу ме?

 

      Кеше ғана «Gangnam style» мәселесі біраз дау тудырып еді,ал енді «Harlem SHake»  әніне бейберекет биленіп жатқан бидің жастар арасында кең таралып,ғаламтор мен теледидардың өзекті мәселесіне айналып отырғаны-қазаққа тән мәдениеттің өз даралығын жоя бастағанының дәлелі десек артық айтқандық болмас.Дегенмен,қаймағы бұзылмаған қазақ ұлтының бұл тығырықтан тез арада шығардай күші бар.Мұндай келеңсіз оқиғалардың құрбанына айналып отырған жастар бүгінде қоғамдағы оғаш  іс-әрекеттердің куәгері болуда.

      Ғаламтордыңда,газет-журнал беттерініңде,сонымен қатар жаңалық беттерініңде,телебағдарламалардыңда айтар сөзі,көңілдеріндегі мұңы,қозғар мәселесі,бітпес даудамайы – Қарағанды Мемлекеттік Университетінің студенттері билеген би болып отыр.  «Жақсыны асырып,жаманды жасырып» деген нақыл сөздің ауылынан алыста жүрген тілшілерде,жаңалық іздеушілерде,ғажайыпты ойлап табушыларда бұл даудамайды қозғау барысында көптеген келеңсіздіктерге жол беруде.Неге десеңіз қазақ ұлтының дамып,өркендеуіне тежеу жасайтын жаңалықтардың күн сайын  көгілдір экраннан тоқтаусыз көрсетілуі жаңалық таратушыларға айтылар үлкен сын.Тіпті жақсы жаңалықтардың өзіде мақтанышпен айтылып жатқанымен,теледидардан көрсетілу ұзақтығы екі күнге ғана созылады. Жаңалық таратушылардың бұл әрекеттерін «HARLEM SHAKE»  биін билеген  Қарағандылық  Эльдар мен Қайраттың мақсатын қолдайтындар деп ой түйгендер  аз емес.Себебі, ол азаматтардың басты   мақсаттары-пиар жасау болды. Яғни олардың бұл әрекеттері «атың шықпаса жер өртенің »  ісі.Тау қопарып,жер өртемеседе,би билеп пиар жасады. Студенттердің жоғарыда айтылғандай мақсат ұстанғандығының басты дәлелі - «HARLEM SHAKE» әніне билеп жүрген тек Эльдар мен Қайрат қана емес қала мектептерінің 9-11 сынып оқушыларыныңда,колледж,университет студенттерінініңде ұялы телефондарымен қатар әлеуметтік желісіндегі «видео» бөлімдерінен көрініс табуда.Ал,неге сол Эльдар мен Қайраттан өзге би билеген жастар осылай өз билерін танытпады? Неге олар ел алданда дүрбелең тудырмады? Ең бастысы-неге жаңалық таратушылар  Эльдар мен Қайраттың көздеген мақсаттарына жетуіне жол беріп отыр? Олар-атақты иемденді... Өздерін танытты... Мақсаттарына қол жеткізді... Ал «артық етем» деп тыртық қылған жаңалық құрастырғыш тілшілер-бөрінің алдына  жемтігін өзі апарып бергендей іс жасады.

        Шыны керек тілшілер дайындаған телебағдарламалар мен жаңалықтарды көріп отырған 8-11 жас аралығындағы балалар айтылып жатқан қарсы пікірлерге емес қайталанып көрсетіліп жатқан биге мән беретіндігін байқадым.Ал сұхбат жүргізу барысында 11-15 жас аралығындағы жасөспірімдер бұл жағдайды жәй күнделікті туындап жатқан мәселелердің бірі деп қана кабылдайтынын,сонымен қатар Эльдар мен Қайраттың  батылдығына ризашылықтарын білдіретіндігін айтты.15-17 жас аралығындағы жастар бұл көріністі жақсы жағынан  қабылдап,солардың ізімен  пиар жасаудың қамын қарастыруда. Сонда Эльдар мен Қайратты көгілдір экраннан тоқтаусыз  көрсеткеннен жақсы дүниеге қол жеткіздікпе?Біз жастарды қалай тәрбиелеп жатырмыз? Бұл мәселенің даудамайға ұласуы жастарды сүйемелдеу мақсатында емес,сүріндіру мақсатында ұйымдастырылып отыр десек,біршама жаңалық таратушылардың шамына тиері анық,дегенмен «аузыңда әділдіктің зары болмаса» бәрі бекер.

        Айта кетерлік тұсы: жасөспірімдер биді көріп қана қоймай,бірге ілесіп,қимылдарын да айна қатесіз қайталайды.Ғаламтор жаңалықтарына үңілседе, YouTube желісімен байланыссада көретіні «HARLEM SHAKEтің» биі. Әрине көрсетіліп отырған телебағдарламаларда бидің қазаққа жат тұстары насихатталып,кереғар пікірлер пайда болды,алайда бұл көріністі қайта-қайта көрсетіп теледидар мен ғаламтордың жан айғайына айналдарғанша,бұл олқылықтың орнын толтыруды неге қолға алмасқа?! Қазақ халқының мәдениетін жоққа шығаратын мұндай сорақы дүниелерді неге жоймасқа? Неге осы мақсаттың айналасында жұмыс жүргізбеске?

        Ел дүрлігетін жаңалық естісе ішкен асын жерге қоятын,қағаз-қаламын ала жүгіретін тілшілердің көп бөлігі шындыққа қол жеткізем деп жолдан адасқанын білмей нағыз әділетсіз дүниеге ұрынады. Жаңылысады. Теледидарға көп үңілмейтіндіктен болар жаңалық таратушылар туралы пікірім аса төмен емес еді,алайда бұл жолғы әрекеттері тым шектен шығу.Мұндай жарығынан көлеңкесі басым жағдайлар қоғамды  өзгертіп,жастарды теріс жолға итермелейтін негізгі фактолар екені анық.Сондықтан жаңалық таратушы азаматтарға айтарым: егер сіз танымалдылыққа құштар болсаңыз көп жыл еңбек етіп,өзіңізді өзіңіз құртпай-ақ келесі қазақ даласына кең жайылып,дертіне айналауға дайын тұрған билердің бірін алып халыққа көрсетіңіз! Мүмкін сіз Эльдар мен Қайраттанда жоғары атақтың иесі болып қаларсыз? Ал көздегеніңіз халықтың мүддесі болса,онда әрбір іс-әрекетіңізге жауаптылықпен қарауды үйреніңіз!!?

 

        «Ел аузында» телебағдарламасының жүргізушісі,шоу жасаудың қас шебері  Маржан Сұлтанбай  биді сынға алған Бекболат ағамыздың сөзінен кейін ғана бидің қазақ мәдениетіне сай дүние  емес екенін еске алып ,даудамайдың ұзаққа созылатын тілге тиек етті.Бұл сөздің мағынасына тереңірек үңілер болсақ: «HARLEM SHAKE» биінің телеарналардағы көрсетілімі өз жалғасын табатын секілді.   «Тентектер» деп аталған Қайрат пен Эльдардың істеріне қатысты пікір айтқан Қарағанды жұрты «білместіктен жасалған іс» деп міз бағар емес,ал білім министрі Бақытжан Жұмағұловтың бұл көзқарасты қолдауына не себеп? Егер бүгін жылылық танытатын болсақ,есірген жастар ертең не жасамайды? Алде бұл студенттер еліктеуші жастардың соңғы буындарыма? Сансыз ойлардың шеңберінде айнала бермей қоғамды жандандырып,жасартатын  іс жасағанымыз әлдеқайда тиімдірек дегім келеді-осал дүниені айғайлап жеткізіп,аңдып жүретін жаңалық таратушыларға!Шындықты қозғау қажет,алайда ол шындықты әр қоғам өзінше қабылдайды.

         Тағы бір кемшілік: телебағдарлама қазақ тілінде жүргізіліп жатыр,сұрақтарда қазақ тілінде қойылып жатыр ал мемлекеттік  дәрежесі бар Қарағанды Техникалық Университетінің студенттері неге қазақша сөйлемейді? Жалпы алғанда бұл би туралы дайындалған сюжеттер жобаны дайындаушылардың да,жобаға қатысушылардыңда есімдеріне күйе жақты. Ал,әуесқой бишілерді қолдаған Бақыт Сыздықованың өрескел қимылдары мен пікірлері туралы көзқарас таныту-бос әурешілік деп ойлаймын.

          Жалған атаққа ұмтылу-қазақ жастарының санасын улап,игі істерге деген талпынысын сөндіруде.Жастар арасында кең таралған осындай дерттерден қалай,қайтіп,қандай жақсы жұмыстар жасап,толықтай арыламыз? Соны ойланайық!!!

 

Дина Мұратқызы

ҚазҰУ студенті