Қарағанды облысында «Жасыл Ел» маусымы аяқталды

Қарағанды облысында «Жасыл Ел» маусымы аяқталды
жеке
блог

Биыл 1900-ден астам оқушы мен студент жастар «Жасыл Ел» жасақтарында жұмыспен қамтылды. Олар туған ауыл мен қалаларын абаттандырып, аулаларды көгалдандырумен айналысты. Олардың басым бөлігі үшін «Жасыл Ел» - алғашқы жұмыс тәжірибесі. Жұмыстан бөлек «Жасыл Ел» сарбаздары түрлі байқаулар мен мәдени іс-шараларға қатысты. Экологиялық мәдениет бойынша тренингтер, зияткерлік ойындар мен фотобайқаулар ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, «Жасыл Ел» сарбаздары волонтерлік жобаларға қатысып, мұқтаж отбасылар мен ардагерлерге көмектесті.
Жастар еңбек жасақтарының 16 жастан асқан әр сарбазы облыстық штабтан төлемақы мен «Жасыл Ел» киімін алды.

«Жасыл Ел» жұмысы келесі жылы да жалғасады. Әр ниетті жастың жазғы демалысын достарының ортасында әрі пайдалы өткізуге мүмкіндігі бар.
Келесі маусымда кездескенше!