Қарағанды - жүрегімнің дүрсілі
блог
Қарағанды қаласына 80 жыл.
Қарағанды қаласы, еліміздің Сарыарқа даласы арқылы жайғасып, Алтай таулары мен Жайық өзенінің аралығының, қақ ортасында орналасқан ғажайып аймақ. Еліміздің адам қоныстануы бойынша ең көп шоғырланған қалалардың бірі деп айтсам қателеспеймін. Тарихы да терең, әрі Қазақстан дамуындағы орны ерекше болып саналады.
Еліміздің ауыр өнеркәсіп саласында алатын орны ерекше. Әлемдегі бірнеше елде ғана қолданылатын, ашық әдіспен алынатын көмір кешендері де осы аймақта. Айтарлықтай артықшылықтары мен жақсы қасиеттері жетерлік.
Шамалы тарихқа үңілсек, сонау 1934 жылы қала қаланып, сол кездегі Совет Одағы үшін көптеген пайдалы қазбаларын және дайын өнімдерін берген еді. Сан алуан, ауыр өнеркәсіпке байланысты зауыттар мен фабрикалар салынып, экономикаға түсіретін пайдасы мол болды деп айтуға болады. Халық саны жылдан жылға өсіп, алдыңғы қатарлы қалалардың қатарына қосыла бастады. Уақыт өте келе, қала көркейіп, өзінің белгілі бір заңдылықтары мен дәстүрлері пайда болды. Өзіне ғана тән мінезі болып, қалаға келген әрбір қонақ үшін өзін белгілі бір жағынан таңытып отырды. Әрине, тарихта болған оқиғалар мен жағдайлар көп деп, білемін, олардың әрқайсысын жеке дара қарастыруға уақыт та жетпес. Дегенмен, аталмыш 80 жылдық мерей тойға байланысты, көптеген тарихи оқиғалар аталып өтетініне сенімдімін.
Негізінен, өзім Астана қаласының тұрғылықты тұрғыны болып саналғанымен, бірақ Қарағанды қаласы, менің жүрегімнің бір бөлігін алып, орны ерекше болып келеді. Бала кездегі өмірімнің, оқушы мен студент болған кездегі белгілі бір бөлігін осы әсем де, қонақжай қаласында өткізген едім. Әрбір келген сәтте, Қарағанды қаласы маған жаңа қырыннан көрініп, сәт сайын өзіне сүйсіндіріп, тек жақсы жақтарын көрсетті деп айта аламын. Әрине, нағыз тымтырыс өмір болғандықтан, кейбір кемшіліктер де байқалған болатын. Бірақ келесі келген сәтте, жақсы қырларын көргеннен кейін барлығы да ұмыттылады.
Менің негізгі айтайын деп отырған ойым, кез келген адам үшін, ыстық, әрі жақын жерлер, мекендер, қалалар болады. Мен үшін, Астанадан бөлек, әрине – Қарағанды. Кейбір азаматтар бұл қаланы сұр, қызықсыз деп санайды, бірақ олардың осы тұжырымдамалары қате деп ойлаймын. Себебі, мүмкін сырт жағынан немесе бірінші көз қарастан солай болар, дегенмен оның ішкі өмірін біліп, дүниесі мен рухын сезсек, жүрегі әрі үлкен, әрі жылы...