Қарағанды дегенде көз алдыңызға не елестейді?

Қарағанды дегенде көз алдыңызға не елестейді?
жеке
блог

БлогКэмп Қарағанды қаласында өтеді дегелі түрлі ойлар келді. Өзім көрмеген қаланы көру ғана ойымда болды. Ал Қарағандының 80 жылдығына орай ұйымадастырған бәйгенің арқасында Қарағанды жайлы біраз ақпар біліп қалдым, тіпті жаңа суреттер көрдім. Бәріне риза болып отырмын. Енді өзіме сұрақ қойдым: "Қарағанды дегенде не елестейді?" деген, әрине мен геолог болғасын бірінші кезекте шахтылар мен карьерлар және кенші жігіттер елестейді :) 

Ал кейбір елдерде Қарағандының шын қала екеніне сенбейді екен. Әрине оған мына ескерткіште  куә. 

Сонымен, "Қарағанды дегенде сізге не елестейді?" деген сұрақты достарыма қойып көріп ем: 

Айжан Табын: ҚарГУ елестейді, сонан соң өзім жақсы көретін Қарағанды конфеттері елестейді. 

Анар апай: Үлкен жолдары бұзылған қала және көмір елестейді. 

Алмас Мұстафаев (домбыра жасаушы): Қарағанды дегенде үйіліп жатқан көмірді елестетінмін, бірақ барған кезде ондай көмірді көрмедім шашылып жатқан :). Ал қазір Қарағанды десе вокзал жанындағы пирамида елестейді. 

Данияр Жаныс (бизнесмен): 31775 әскери бөлімі және Майқұдықтағы

 Маяк деген аялдамадағы мешіті. Өзім әскер қатарында болған жерім. 

Ардақ Құлтай (журналист): Шахтерлер мен "Шахтер" командасы және бапкері Кумыков.

Архун (суретші): көмір... беттері қара қара төлем ақымызды дұрыс бермейді деген шахтерлер және қаптап жүрген орекемдер мен қарақазақтар. Ауыр жұмыстан азып кеткен жастар. 

Мен сұраған достардың көбі дерлік Қарағанды дегенде бір шахта мен көмір және көмір индустриясын елестетеді екен. Әрине, Қарағандыны танытқан да сол көмір мен шахтерлар ғой.

Осы индустрияның үлкен белгісі, символы болған бір кісіні ұмытып кетті. Әрине, тек Айгүл апай ғана есіне түсіре алды :). Ол- Назарбаев! 
 
 

Өзім енді танысатын қаланы аралауға бүтіндей аралап, ешкім айтпаған жерлер мен қызығушылықтарды ашам деп ойлаймын. 

Мен үшін, геолог үшін арман қала болған еді бір кездері... Ал менің Қарағанды облысына алғашқы сапарым мынандай болған көре отырыңыздар. Айтпақшы, осы Ақжал ауылында бір қызға 7 жігіттен келеді, себебі бұл ауылда дәл қазір бойдақ қыз жоқ деседі :). Өзім барған кезде кен орынның ішінен шықпағам, тіпті Белазбен де қыз алып қашады дегенді естіп үндемей кетуге асыққан едім :). 

Ал, мені ең бірінші ертең Қарағандыға барған кезде қайда барады деп ойлайсыз? Yell Күт мені, Қарағанды! Мен келемін :).