Қара түнектей жалмап келе жатқан - зұлмат!
блог
"Суицид" - латын тілінен аударғанда "қасақана өзін-өзі өлтіру"деген мағына береді екен.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ресми таратқан мәліметтеріне жүгінсек жер бетiнде жыл сайын шамамен 1 100 000 адам өзiне қол жұмсап , мыңдаған, жүз мыңдаған адам сондай ойда жүретін көрінеді. Бұндай қадамға тек жастар емес, ересектердiң де осындай қадамға баратыны аян. соңғы жылдары 3 есеге артқан бұндай қадам бүкіл әлемді ойландыратын мәселе болып отыр бүгінгі таңда. Ресми статистикалық мәліметтерге сүйенсек Литва, Белоруссия, Ресейден және Венгрия кейінгі орында Қазақстан тұрған көрінеді. Өзін-өзі өлтіру көрсеткіші бойынша отраша көрсеткіштегі елдер: Грекия,Италия,Армения ,Филиппин. Ал Египет, Гаити, Ямаика сияқты елдерде өзін-өзі өлтіру кездеспейді екен.
Ал бұндай қатігез, кешірілмес қадамға адамдарды не итермелейді?
Психологлар , арнайы мамандар өзiне қол жұмсаған адамдарды психологиялық күйзелiске ұшырағандар,торығу жағдайында жүргендер адамдар қатарына жатқызады.Депрессиялық жағдайда барлық ауыртпашылыққа қарсы шешім тек - ӨЛІМ деп ойлайтын адамдардың ісі. Айтпасқа амал бар ма, ең алдымен суицидке баратындар сол мектеп оқушыларынан басталады. Сабақ үлгерімі нашарлағанда, оқытушылардан және басқа да адамдардан қысым,зорлық - зомбылық көрген жасөспіпімдер баратыны мәлім. өзiне қол жұмсағысы келген балалардың орташа жас мөлшерi 14 пен 17 жас аралығында ғана. өзiн өлтiретiндердiң 46 пайызы артына хат жазып қалдырады екен.
Суицидтің сонымен қатар сан түрі анықталған. Олар ең алдымен қандайда бір қорқыныштан , үмiтсiздiктен,жан күйзелiсінен,отбасылық қиыншылыңтан, қандай да бір қысым зорлық- зомбылықтан және т.б себептер келтіруге болады.Енді біреулер өмірге келген себебі білмей, өмірден түңіліп дал болғаннан осындай шешімге келетін көрінеді.
Жоғарыда айтып өткеніміздей "өз-өзіне қол жұсау " жағынан Қазақстан алдыңғы қатарда тұр... соның ішінде Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары қаралы көштің алдында келеді.Өзін -өзі мерт еткен адам саны күнен күнге артуда ... оның салдары нашақорлық, маскүнемдік, депрессиялық жағдай.
Ал осы қатыгез қадамға балалар, жасөспірімдер бармау үшін арнайы тренингтер өткізіп, әр проблеманың шешімі бар екен түсіндіп және ең бастысы бұл өмір АЛЛАның бізге артқан аманаты екенін түсініп те, түсіндіріп ұрпақ бұндай қадамға ұрынбаса екен дейік....
Сурет: http://foto.mail.ru