Қара шекпен...

     Сіздер театрға бардыңыздар ма? Театрдың керемет , жанға жайлы атмосферасын серіне алдыңыздар ма? Театр - мәдениеттің, асыл өнердің мекені. Театр адамға рухани азық берушы емхана десек артық кетпеспіз. Ойландыратын, ой түйгізетін киелі орда. Сіздерге Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының "Ең үздік спектакль"  атанған "Қара шекпен" спектаклі жайлы кішігірім айтып өтейін. Мүмкін театрға барып, сіздер де рухани байып қайтарсыздар. "Қара шекпен"  қарасаң  атының өзі тартып тұрады. Спектакль барысы жануарлардың өміріне құрылған.. Әрине Ахмет Байтұрсынұлы сияқты мысалды кертіру үшін жануарларды қолданатыны белгілі.

     «Қара шекпен» әфсанасы жан жануарларды басты кейіпкер ете отырып, өмірде болып жатқан жайттарды көрсетеді. Осы жолда авторы Г. Хугаев керемет шеберлікпен шығарманы жазған. Спектакль ретінде сахналауға осы шығарманы таңдаған режиссердің де қырағылығы байқалады. Қойылым режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров.

     Спектакль кішігірім хикаятпен басталады да, қой-ешкілердің биімен жалғасады. Ол күреспен өтіп жатқан әрбір күніміз, байқалмай зырғып өткен өмірді білдіріп тұр. Арасында Бебе атты қозы дәурені аяқталып, тоқты кезеңі жеткен қой төлі билеп болып, «неге бізді өзіміз қой тұрғанда теке бастауы керек, кәрі шалды орнынан алып тастауғы қалайша әліміз келмейді. Неге қойлар бас көтеріп шықпайды. Жүре береміз бе, текенің артынан!» деген жан айқайын керемет актерлік шеберлікпен сомдап шығады. Оны көріп отырып, баяғы Кеңес Одағының құрамында кездегі ұлт зиялылырының  шырылына ұқсаттым. Оның мағынасының өзі жалтаң жұртты бейнелеген. Беке ролінде жас актерлердің басын бастап қалған театр және кинода бар өнерін салып жүрген Ербол Садырбаев ойнады. Қой халық болса, әрине олардың басшасы, иесі, әміршісі болатыны белгілі. Сол сияқты отарды қайырып шопан жүреді. Ол билікті, қатыгездікті, әділетсіздікті бейнелейді. Шопан ролін Әсет Есжан сомдайды. Шопанның қыңыр алайда көмпіс Кико есімді есегі болады. Оның алба жұлба түрі, көрсеткен мінездері, айтқан сөздері берілген міндетті амалының жоғынан, басшысының күштеуінен жұмыс жасап жүрген бейбақты, алайда өте ақылды, саралай білетін, көргені мол адамның кейпін көзге елестетеді. Ол рол жас Дархан Сүлейменов деген актердің ойнауымен керемет ашыла білген. Алайда көтерген жүктерін түсіріп, қайта шопанды көргенде арқасына асып алған жерлері қойылымда ерсі көрінді. Спектаклдің басты кейіпері қойларды күзетіп, қарап жүретін, батыл да, адал малшы ит Тұзар. Ол ақтықды, адалдықты қалайтын, шыншыл, өз ісін сүйетін, соған берілген идеал адамның мысалын келтіреді. Тұзардың жан дүниесін, сұлулығын, бар қыры мен сырын шеберлікпен ойнай білген театрдың қазанында қайнап жүрген әртіс Данияр Базарқұлов. Итке қарсылас қойды торауылдаған қасқырлар мен түлкі, қарға да ойнайды. Олардың мақсаттары қарнын тойдыру сол мақсатта Тұзарды жолынан тайдырып, қойды иттің өзі алып келетіндей жасау. Ол үшін қасқардың сұлу да адуынды қызы Көкшуланды пайдаланады. Себебі кәрі көкжал Тұзар мен Көкшуланның бір-біріне ғашық болып қалғанын байқап, соны пайдаланып қарнын тойдырғысы келіп, итті алдау операциясын ұйымдастырады. Арнайы мәжіліс шақырылады. Мәжіліске Көкжал мен Көкшуланнан басқа бірнеше ғасыр өмір сүрген дана қарға, 5 баланың анасы Қосүрей қоян және түлкі Сылаң бикеш келеді. Барлық қызық осы жиналыс кезінде болады. Себебі онда комедия мен трагедия, сарказм да кездеседі. Бәрі келісіп Тұзарды алдамақшы болады. Алайда олжоспарлары орындалмайды. Себебі, Тұзар ылғи «Мен адамға қызмет етемін» деп жүреді.

     Шопан отарды жинап кыстаққа кетіп қалады. Шопан елге кетерде қара шекпенін жұртта ұмытып тастап кетеді. Спектакль осетин елінің туындысы. Ал шекпен осетиндіктер үшін ердің намысымен тең. Сондықтан оны көрген Тұзар иесінің қара шекпенін күзетіп, «ол қожайынына керек сондықтан алып кетуге келеді. Ием келгенде орнында тұрсын» деген оймен сол шекпеннің қасында аштан-аш қыстап қалады. Қаншама қиындықтан өтіп, өліп бара жатырмын-ау дегенде көктем шығып, отардың басын теке бастап, сықырлатып-сұқырлатып қойлар келе жатады. Оны көрген Тұзар иесін көріп қуанып, әл-дәрмені қалмай әрең ауырып тұрса да тұрып алдынан шығады. Оны көрген иесі ашуланып, «сенің маған енді пайдаң жоқ, күш-қайраты кеткен сен масыл боласың, шекпенді де жүн-жүн қылып бүлдіріпсің» деп атып тастай салады. Спектакль адал серіктің өлімімен бітеді.Өмір кейде мейірімділер мен адалдарға да әділетсіздік танытады.

      Көкжал ролінде – Еділ Рамазанов, ол күші кеткен бұзақы айлаға көшетінін білдірсе, Гүлбаһрам Байбосынова сомдаған Сылаң ролі жеңіл жүрісті, қу қыздардың бейнесін жасайды. АлЖанар Мақашева Көкшулан атты тік мінезді, тез ғашық болатын арудың ролін алып шықты Қосүрей қоянның ролін керемет ойнап шыққан театрдың жілігін шағып, майын ішкен Лидия Каденова аңқаулық пен тазалықтың нышаны болып, мейірімді, қамқор ананың кейпін алып шығады.

      Қойылымдағы кемшілігі сахнаның көбіне бір ғана көріністе тұруы және сирек ауысуы.

      Дегенмен де спектакльдің кез келген кемшілігін ұмытттырып жіберетін дүние актерлердің ойнау шеберлігі, сендіре алуы (тіпті бір көрермен Тұзааар, қалды ғой деп айқайлап жіберген кездері де болды), қойылымның тартымдылығы.



Бөлісу: