Қара қыздың арманы...

Құрметті көзі қарақты оқырман. Сіздермен сырымды бөліссем деп едім.Ақылдарыңызды айтып, пікір қалдыруларыңызды сұраймын.

Бұл жалған дүниеде адам баласына ешнәрсе жақпайды ғой. Барға тәубә, азға қанағат, жоққа сабыр ете алмайтын пендеміз, шіркін!

Мен өзімді отбасынан жақсы тәлім-тәрбие алған, тәрбиелі қызбын деп есептеймін. Ата-анам текті отбасынан шыққан.Жалғыз сіңілім бар. Тұрмыс тіршілігіміз өте жақсы. Мектепте тек қана 5 деген бағаға оқыдым. Қызыл атестатқа үміткер болдым. Өнер академиясында оқығым келетін. Бірақ ата-анам  Алматы қаласына жібергісі келмеді және онда тек ақшаның көмегімен түсе алатынымды айтты. Сонымен не керек биология пәні ұнағандықтан дәрігер боламын деп шештім. Өкінішке орай өзім жіберген қателіктерден ұбт-дан 90 ғана балл жинадым. 2013 жылы балл жоғары көтеріліп кетті де оқуға түсе алмадым. Тек мен емес барлық сыныптастарым колледж жағалап кетті. Папам ақша беріп түсіремін деп еді мен намыстанып ,өз күшіммен оқуға түсемін, өзім білемдікке салынып құжаттарымды Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжіне тапсырдым. Грантқа түстім. Бар ойым ата-анам мені ақшамен оқытпаса болды.Бүгінде 3 курс оқып жүрмін. Бұйырса келесі жылы қызыл дипломға бітіремін . Бірақ  маған педагогикалық мамандықтар ұнамайды. Мені қызықтыратыны өнер мен саясат.  Актриса болғым келеді.Барлығы маған өнер жолына түсуің керек дейді.

Мен армандаймын, арманымның орындалатынына сенемін. Және мақсат қойып соған жетемін. Мама мен папам маған «осы колледжді бітірген соң, Алматыңа баршы» дейді. Олар да мені енді түсінгендей болды. Әрине, Алматы-жастар қаласы, өнер ордасы. Ендеше мені күт ару қала, мен саған 2 жылдан соң ораламын.

Кеш болмайма??????  



Бөлісу: