"Қара Жорға" қазақтың нақышы.

"Қара Жорға" қазақтың нақышы.
жеке
блог

Елбасымыздың кешегі рухани жаңғыру жөніндегі мақаласында ұлттық кодты сақтап қалу жолындағы парызға сүйене отырып жазушы Смағұл Рахымбек ағамыз "Қара Жорға" қазақтың биі емес -деген тақырыпта "BAQ.kz" сайттына блогын жариялапты.
Ағамыздың айтуынша "Қара Жорға" биі сырттан келген қандастарымыздың білместігіннен ұлтқа таңып жүрген дүниесі дейді. Сонда " Қамажай", "Аю биі", "Ортеке", "Келіншек" сынды ұлттық билер де сырттан келген дүние болғаны ма?!
Көшпелі заманнан бері ат құлағында ойнап келе жатқан қазақпыз. Жылқы бағуда өз ерекшелігімізде бар. Ат үстінде өткен өркениеттік дамуымызда жылқыны баптау қосалқы қазаққы ұлттық өнердің оянуына себеп болған. Мысалғы көкпар, аударыспақ, теңге алу, қыз қуу деген ұлттық ойындар тұрған кезде "Қара Жорға " қазақтың биі емес дегеніңізге жол болсын. " Қара жорға " биінің әр қимылы қазаққылықтың нақышы. Бидің буындары ұлттық ойындардың бірсыпыра көріністерін бейнелейді зер салып қарасақ. Жылқышы қазақтың тіршілігін суреттейтін "Қара жорға" қазақтың биі емес дегеніңіз кешегі жол жүріп өткен өркениетімізге балта шапқанмен бірдей емес пе?!
Қазіргі қоғамға сіздердің жазушылық еңбектеріңіз ауадай қажет. Мәселен рухани жаңғыру аясында ұлттық кодты сақтау жолында өзіңіз жазған "оралман" сөзін қоғами сөйлеу қорынан мүлдем жойсақ жөн болар еді. Ұлттық кодтың бір ұстанымы ретінде қазақтың ауызбіршілік татулығын айтар едім.

Жалғас ӘЛІМҒАЗЫ.