Қар құрсауындағы Жуалы (Фоторепортаж)

Қаһарлы қыстың қара суығына тоңбайтын жүрегі жылы жандарға жалынды сәлемм!!!

Бүгін Жуалы жұртшылығы үшін ерекше күн. Тәулік бойы толассыз жауған қар деңгейі 80 см-ден асып, жұртшылық үшін біраз қиындық тудыруда. Тараз-Шымкент тас жолы жабылып, құтқарушылар жұмысы күшейтілді. Мектептегі бастауыш сыныптардың сабақтары қысқартылып, сақтық шаралары күшейді. Қалың қардың салдарынан шалғай елді мекендердегі адамдар аудан орталығына жете алмай отыр. Адамдар бұл қарды қыстың соңғы айының жасаған тосын сыйына теңеуде. Бұл туралы бүгін БАҚ-да жазған болатын.

Өзім Жуалы өңірінің тумасы болғандықтан сіздерге арнайы фоторепортаж дайындауды жөн деп санадым. Суреттер Жуалы ауданында түсірілген.

Қар басқан көшелердің көрінісі осындай...

Қардың биіктігі үй қақпасымен бірдей болған

Мына үйдің шыршасы әдемі екен)))

Қарттардың ауласы әлі тазалана қоймапты. Мұндай жағдайда қарттарға ауыл тұрғындары көмектеседі.

Алыстан көрінген адамдар. Көшеде адамдар өте аз. 

Қазақтың қара домалақтары қалың қарды менсінбейді...)))

Менің бойымнан биік қар))))

Massaget.kz M

P.S. Фотолардың сапасы үшін кешірім сұраймын. Жауып тұрған қар объективті суландырып, буландырып түсірілімге кедергі келтірді. Бұл менің алғашқы фоторепортажым. Қателіктер болса қатты сөкпеңіздер. Алдағы уақытта бұдан да жақсы фоторепортаждар дайындайтын боламын.



Бөлісу: