Қанттың ағзаға зияны қандай?

Қанттың ағзаға зияны қандай?
жеке
блог

Қанттың ағзаға зияны қандай?

Қанттың зиян екенін және ағзаға түрлі ауыртпалықтар шалдыратынын бәрімізде білеміз. Бірақ, оны біліп қана қою жеткілікті емес.

Әр адам күніне орташа 17 шәй қасық қант тұтынады. Бұл дәрігерлердің айтатын 12 шәй қасық нормасынан әлдеқайда көп. Қант тек қана тәтті бөлке нандар, шоколадтар немес кәмпиттер ғана емес. Күнделікті тамаққа қолданатын  жартылай фабрикат өнімдерінде де бар екені бәріне белгілі емес. Нан, қызанақ пастасы, көкөністі икра секілді дайын тағамдардың қаптамасынан көріп жүрген глюкоза мен агава шәрбаттары, сукроза секілді қоспалардың өзі қант болып табылады. Сондай-ақ, көкөністер мен жеміс-жидектер, кептірілген жеміс-жидектер құрамындағы қант ағзамызға қажет күнделікті нормасын қанағаттандырады.

Табиғи жеміс болсын, шоколадты кәмпит болсын қанттың аты қант. Нормадан тым асырып, қиянат етсеңіз денсаулығыңыздың қалай нашарлап кететінін байқамай қаласыз. Сондықтан, қанттың зиянымен төменде тереңірек танысып өтіңіз.

Бауыр

Көп мөлшердегі қант бауырды және оның функциясын зақымдайды. Қант бауырда ыдырағанда майға айналады. Бұл өз кезегінде артық майдың жиналуына, стеатогепатит, қабыну, стеатоз секілді ауруларға шалдықтырады. Ең ауыр жағдайда ақырында бауырға қан беруді тоқтатады. Салдарында бауырда пайда болатын тыртықтар циррозға айналады және бауыр трансплантациясын қажет етеді.

Жүрек

Артық қантты жеген кезде, қан құрамындағы артық инсулин бүкіл денеңіздегі тамырларға әсер етуі мүмкін. Бұл олардың қабырғаларының қабынуын тудырады, қалыңырақ және қаттырақ болып өзгеріп, жүрегіңізді уақыт зақымдайды. Бұл жүрек жеткіліксіздігі, инфаркт және инсульт сияқты жүрек ауруларына әкеледі. Зерттеулер сонымен қатар қантты аз тұтыну қан қысымын төмендетуге көмектесетінін айтады. Сонымен қатар, қантты көп тұтынатын адамдар (олардың калорияларының кем дегенде 25% қосылған қанттан келеді) диеталарында қант қосылған жалпы калорияның 10% -дан азын қамтитын адамдарға қарағанда жүрек ауруынан екі есе көп қаза болады.

Тері

Қантты көп мөлшерде тұтыну терінің тез қартаюына алып келеді.

Артық қант қандағы ақуыздарға қосылады. Олар теріңіздегі коллаген мен эластинді - теріңізді қатайтатын және жастықты сақтайтын ақуыз талшықтарын зақымдайды. Нәтижесінде әжімдер мен салбыраған тері, акне және беттің бөртуіне алып келеді.

Тіс

 Қуыстарды тудыратын бактериялар тәтті нәрсе жегеннен кейін аузыңызда тұрып қалған қантты жегенді ұнатады. Қант кариестің дамуына жәрдемдеседі.

Жоғарыда айтылып кеткен ақпарат қанттың адамға деген зиянының аз мөлшерін құрайды. Қанттың зияны туралы айтылып кетпеген мәлімет өте көп. Бірақ қантты көп мөлшерде тұтыну ағзаға өте көп зақым келтіретінін ұғып алдыңыз деген ойдамыз. Сондықтан, келешекте денсаулыңызды күтіп, қантты жеуді азайтасыз деген үміттеміз.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/29198/