Қазақ тарихында "Қанішер Абылай" аталып кеткен Уалидің әкесі, Әбілмансұрдың атасы жайлы Ілияс Есенберлинның "Қаһар" романынан оқып жүрмін. Қанішер десе қанішердің нағыз өзі. Оның қатігездігінде шек жоқ. Оның жауыздығынан жаулардан гөрі өзінің халқы қорққан. Абылай тұрған ауылға ешкім жақындағысы келмеген. Керуендер ауылды сырттан айналып өтсе, тұрғындар алды-артына қарамастан көшіп кететін болған. тіпті сол кездегі Түркістанның басқарушысы Құдайберген бахадүрдің әйелі мен шақалақ бөпесін Абылай өзінің нөкерлеріне өлтіртіп, денелерін майдалап бөліп тастауын бұйырған екен.Әйел ме, бала ма қарамастан басын алып, төгілген қанына рахаттанған.
Ал Сыван-Рабтан Түркістанға жеті тұстан жеті мың әскермен басып кіргенде, "менің күшім жетпейді, жаудың саны көп"- деген сылтаумен кетуді ұйғарады. Бұған таң қалған Қаракерей Қабанбай:
-"Енді Түркістанды қалай қорғамақ ойыңыз бар?" дейді.
-Түркістанді қорғаймын деп кім айтты- деді Абылай. Дауысынан алаңсыз бейберекетсіздік сезіледі. "Түркістанді халықтың өзі қорғап алсын"-деп, нөкерлерін ертіп қашып кетеді.
Ел басына күн туғанда қара басының қамын ойлаған Қанішер Абылай тарихымызда осы жексұрын атпен қалмақ.