Қаншама адам болса, соншама тағдыр...

Вокзал. Қарбалас. Асығып жатқан бір адам. Бірін-бірі таптап кетуге даяр. Біреудің мақсаты тезірек кету. Біреудің мақсаты шығарып салып, сол адамнан тезірек құтылу. Ал енді біреудің мақсаты пойыздың кешігіп келуі. Өйткені осы мекенде, шығарып салушылардың жанында ұзағырақ бола тұру.

Біреудікі жалған, біреудікі шынайы...

Пойыз. Тоқтамай жүріп барады. Әлекімдер ояу, әлдекімдер ұйқыда немесе ұйықтаған сыңай танытуда. Біреудің көзінде мұң, келесіде қуаныш. Билеттегі жетер жерге жеткісі келеді. Енді өзгелер тіпті өз еркінен тыс кетіп барады.

Қаншама адам болса, соншама тағдыр...

Осылдарды көріп отырған мен не ойладым? Қоштасу деген қиын екен ғой. Кездесу де. Неге? Өйткені, қоштасқанда кімнің саған қаншалықты қымбат екендігі айқындалады. Оны қойшы, бәрінен де ауыры бұл қоштасу ең соңғысы болуы әбден мүмкін...

Кездескенде де тура солай. Жүректе жиналған сағыныштың арқасында кездесуге асығасың. Көргенде қуанып, бақытқа бөленесің. Бірақ, кейде сол кездесу сен ойлағандай  болмай шығатыны жаман. Сонда барып неге жолықтым екен дейсің. Мұнда да бәрінен де ауыры бұл кездесу ең соңғысы болуы әбден мүмкін...



Бөлісу: