Қанды жексенбі


  Ол күн маусым айының алғашқы жексенбісі, яғни  жаздың алғашқы жексенбісі еді. Ол күн мұсылман қауымы үшін қасиеті Рамазан айының қарсаңы еді. 5-ші маусым Ақтөбеліктер үшін әдеттегідей қалыпты тірліктермен басталды. Күн демалыс, қала толы көліктер мен ығы-жығы адамдар. Кенеттен бұл көріністің әп-сәтте быт-шыты шықты. Қаладағы қару-жарақ дүкендерін әлдебір бұзақылар, дұрысында лаңкестер тонаған. Тонағанымен қоймай бейбіт күннің шырқын бұзып, атысқан. 

Ол  күні ауылым  Қобдада нағашым үй салатын болып соларға көмектесіп жүргем. Бір кезде інім жүгіріп телефонды алып келді. Әкем: "Балам үйге тез кел", - деді.  Басыма "Әкемнің мұндайы  жоқ  еді ғой, аяқ асты не боп қалды? Кешке шықсам да үйге жетемін ғой",- деген ойлар  келді. Ауылдан  таксилетіп қалаға келдім. Қала біртүрлі   сияқты. Бір кезде әдетте теледидардан ғана көретін брондалған көлік өтті.  Іле-шала полициялардың үлкен-үлкен  көлктері өтті. Қалада бір  сұмдықтың  болғаның ішім сезді. Дереу смартфонымды  алып  интернет  қоссам, ватсаптан небір қорқынышты суреттер  мен  видеолар келе бастады. Атыс  болған дейді. Әлі де қалада  оңды-солды көрінген адамдарды "Аллаху Акбар" ,- деп атып жүр дейді. Енді менде қорқыныш пайда болды. Темір жол вокзалына келсем, не автобус, не такси жоқ. Адамдардың бойын қорқыныш билеген. Бір кезде бір такси келе қалды. Үлгергеніміз сидық, қалғаны қалды. Жол жөнекей әңгіме тек лаңкестер туралы. Жанымда үлкен апа отыр еді, "надандықтың кесірі ғой, Алла солай адамдарды қырсын деген бе?", - деп келеді. Таксиден түссем, күнде асыр салып ойнап жүрген балалар жоқ, бәрі тыныш, меңіреу қыстақ тәрізді боп қалған. Алдымнан апам (анамды осылай айтам) шықты, "Ойбай үйде отырындар деп жүргенде далада не істеп жүрсін?", - деймін. Апам жай ғана: "сені күтіп жүрмін",- дейді. "Өзімде үйге жете алам ғой", - деген ойлар басымнан шығар емес. Үйге келгенде қызықтың көкесі енді басталды. Интернет жоқ. 112-ден террористік қауіптіліктің қызыл деңгейі белгіленген деген хабарлама келді. Оның дәл анығын түсінбесек те, жақсы нәрсе емес екенің ішіміз сезеді.  Қалада интернет  жоқ болған соң, енді бізде жаңалықтың  дереккөзі тек қана радио мен теледидар  ғана. Келесі күні Ақтөбеліктер үшін одан да  ауыр болды. Қаладағы ірі  супермаркеттер   мен  гипермаркеттер  жұмыс істемей қалды. Ол аздай ашық тұрған кейбір дүкендер де нанды 200  теңгеге дейін қымбаттатып жіберді деген әңгіме шықты.  Шынымен саудагерлерде ұят болмайды екен. Қалада жаман қауесеттер тарай бастады. Біреулер қаланы сумен қамтамасыз етіп тұрған "Ақбұлақ" мекемесін лаңкестер басып алған деген өсектер таратты. Қайта қалада интернет болмай абырой болды. Әйтпегенде үрей құшағындағы қала үшін бұл одан әрі соққы болар еді. Үйлердің төбесінде ұшқан тікұшақтардың дауысы, полиция машинасының  сиренасы шыққан  күндер  мен  түндерді Ақтөбеліктер әзір ұмыта қоймас. 7-ші маусым қалада интернет  қосылды. Қала  тіршілігі қайта  орнына келуде.

P.S. Жанға бататыны осынау бейбіт күнді өзге, жат діннің ағымына түсіп кеткен қандас қазақ бауырларымыздың бұзуы еді. Олардың Отанымыздың азаматтарына қару кезеніп өлтіруі жанына ауыр тиеді екен. Бірі әлі 20-ға да толмаған жас, бірі 4 баланың әкесі өлді. Осының бәрі Отанымызға жасалған қастандық. Оларды ешқашанда ақтай алмайсың. Амангелді Айталы айтқандай: " біз 2011-ші жылғы оқиғадан сабақ алмадық".  Ұмытып  барады  екем, интернет жоқ уақытта жарты  сағат  сайын жаңалық таратқан 24KZ  телеарнасының ұжымына алғыс  білдіремін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!                                                                        



Бөлісу: