Қандай әуендерді құп көресіз?

Қандай әуендерді құп көресіз?
жеке
блог

Құлақтан кіріп, бойды алар... Расымен де құлақтан кірген әуенге елітпейтін адам саны аз шығар. Әркімнің өзіндік талғамы, өзіңдік музыкаға деген көзқарасы бары анық. 

Бірі - рокты ұнатса, бірі джазды ұнатады. Бірі - баяу әнге құмар болса, бірі - жылдам (шансон, кантриді) тыңда ды. Осындайда таң қалмасқа шара жоқ. Асылы, Алла Тағаланың әр жаратылысы ерек. Әйтпесе, неліктен әр адамның талғамы әр түрлі? 

Алысқа кетпей-ақ, өз талғамымды айтайын. Менде бірізділік немесе тұрақтылық деген жоқ (музыкаға деген көзқараста). Көңіл-күйдің адамы болған соң шығар?! Бірде ВК әлеуметтік желісінде көзім шалған мынаны: "Неліктен қыздар көңілі жоқ болса, көңілін одан сайын түсіретін баяу әуендерге құмар" деген жазбаны. Ойландырады екен. Расымен ғой солай ететініміз. Көңіліңіз болса - өмірге құштарлықты өршітер өлеңмен қуатталатыныңыз рас қой? Және тағы бір айтарым, менде әншіге деген тұрақтылық жоқ)) Бір аптада Айқынды тыңдап, келесіде - Мистерионсты тыңдап кетуім мүмкін. Хит болған кезінде тыңдап, кейін өшіріліп қалаын за емес. Бірақ, уақыт өте келе қайтадан құлшыныс арттыратып, қайтадан тыңдауға мәжбүр қылатын әндер де жоқ емес. Осындай әр-түрлі талғамды жинақтап жүрмін ішіме. 

Мсыалы, менің плейлистімде мына өлеңдер бар:

1. Айқын - Жалаң аяқ қыз (осы өлеңге ғашық боп жүргеніме 2 аптадай болды)

2. Батыр - так далеко, так близко

3. Сержанәлі Әлібек - Мен сені жақсы көремін

4. Jandro -  и через года

5. stromae - papaoutai

Ең көп тыңдалатын "бестік" осы. Және мен үшін музыкада тіл талғау деген жоқ. Қалаған іуенімді, қалаған тілде тыңдай беремін. Шетсіз, шексіз ғаламат музыка мен үшін. Түнде құлаққапсыз ұйықтай алмаймын. Міндетті түрде "наушникпен" музыка тыңдауым керек. осындай қызық-қызық әдеттерім бар. Сіз қалай ойлайсыз? Талғамыңыз қандай? Бөлісіңіз!