Осы біз айналамыздағы жақындарымыздың қамқорлығын бірден байқай қоймаймыз ғой. Сол жақындарымыздың бірегейі асыл әжелеріміз емес пе?!
Үнемі біздің қамымызды жеп жүреді. Үйге келсең "Құлыным, жаурап қалған жоқсың ба? Қарның ашты ма?",- деген сөздермен оқудан не жұмыстан келгенде қарсы алар бірден- бір адамымыз ғой. Қарт адамдар аурушаң келеді емес пе?! Тіпті кейде біз жабырқамасын деп, көңілімізге қаяу түспесін деп өздерінің ауырып жүргенін жасырып жүретін кездері де аз емес. Маңдайымыздан сипап, еркелетіп отырады үнемі.
Оған қоса ақылын және өмірден көрген білгендерін айтады. Біз болсақ аузымыздан суымыз ағып оны қызыға тыңдаймыз, мына кабағына қатпар- қатпар әжім болған қарт кісінің бір кездері өзің секілді жас болғанын, сен секілді бала болғанын түсініп жатамыз.
Бір уақытта "Е! Біз қашанғы өмір сүре береді дейсің, жасымыз да келіп қалды дей бергенде тұла бойымыз дір ете түседі. Жаман ойлар бірден санамызды жаулап алып "Әжетай ол туралы айта көрмеңіз! Сіз әлі ұзаақ жасайсыз!" деп қоя береміз
Қарты бар үйдің қазынасы бар! Менің әжем Тараз қаласынан Алматыға мен үшін келді. Менің өтінішімді жерге тастамайын деп ауырып жүргенін білдіртпей жүр. Қиналып жүргенін сеземін ғой. Жақында әкеме айтып әжемді Таразға қайтуға әрең көндірдік. Алматының Алатаудың баурайында орналасқанынан ба әйтеуір әжемнің денсаулығана мегополистегі қысым жақпады. Жаны қиналып, жүрегінің және тізелерінің ауырып жүргенін ойласам жүрегім ауырады. Ол үнемі еңбек жайлы көп әңгімелеуші еді. Себебі өзі еңбек адамы болған. Атам Ұлы Отан Соғысының ардагері соғыстан аман келсе де жасы келген соң қайтыс болған. Сол кезде әжем бар жауапкершілікті мойнына алып талмай еңбектенуге бел байлайды. Нәтижесінде балаларының барлығы білімді, еңбексүйер әрі парасатты азамат пен азаматша болып өсіп жетілді.